Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ауған студенттер оқуын ары қарай жалғастыра алады

Қазақстандағы ауған студенттер оқуын ары қарай жалғастыра алады

Қазақстанда білім алатын Ауғанстан студенттері оқуын жалғастыра алады. Алайда қайта кіруі үшін аймақтағы жағдай әбден тұрақтануы керек. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанда қазір білім алып жатқан студенттерден оқуын әрі қарай жалғастыру туралы өтініштер түсіп жатқан көрінеді.
"Қазақстанда қазір оқып жатқан студенттердің арасында жазғы демалыс кезінде еліне кеткендер бар. Олар туралы мәліметтер түсіп жатыр бізге. Оқуларын осындай жалғастырғысы келетіндері бар. Біз бұл әселені бақылауда ұстап отырмыз. Ауғанстандағы жағдай тұрақтанған кезде біздің елшілік міндетті түрде оларға тиісті виза береді. Екі арада әуе немесе басқа көлік қатынасы қалыпқа келген соң Қазақстандағы оқуларын алаңсыз жалғастыра алады", - деді Айбек Смадияров.
Қазақстанда оқып кеткен ауғанстан азаматтарынан елге келу туралы өтініштер түсті ме? Түскен болса оларды кіргізу мүмкіндігі бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллинге осындай сауал қойды.
"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанның бізде оқып кеткен бұрынғы студенттері жүгінген жоқ. Егер жүгініп жатса, әр адам бойынша жеке тәртіпппен шешім шығарылады. Дәл қазір ол мәселе туралы ештеңе айта алмаймыз, Яғни ешкім жүгінген жоқ", - деді министрдің орынбасары.
13 тамыз 2021 ж. 285 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930