Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Cыр Медиа” ЖШС “Қазалы” газеті редакциясының ұйымдастыруымен “Менің тарихым – Тәуелсіздік” тақырыбында мөлтек әңгіме байқауын жариялайды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Cыр Медиа” ЖШС “Қазалы” газеті редакциясының ұйымдастыруымен “Менің тарихым – Тәуелсіздік” тақырыбында мөлтек әңгіме байқауын жариялайды

Байқау өткізу ЕРЕЖЕСІ
І.Байқаудың мақсаты, өткізілу тәртібі
Байқаудың мақсаты – Тәуелсіз елде тұрып, өсіп-өнген, оқырмандардың еңселі егемендікті өз танымдарымен түсініп, әсерлерімен бөлісуі, ел дамуының алғышартына айналар жағдайларды бедерлеу арқылы пайымды пікірлерін қоғам игілігіне жұмылдыру, жас ұрпақтың отансүйгіштік, елжандық қабілеттерін дамыту;
Эссенің міндеті – технократтық коммуникация уақытының талабына орай әңгіме ережесіне сай ұғынықты, ықшам, көркем ой беделі, сауатты, емілелерге сай жазылуына басты назар аударылады. Шығармадағы тарихи шындық ойдан құралған емес, шынайы мәліметтерге өзіндік көзқарас қалыптастыруға негіз болуы шарт. Тәуелсіздік жылдарындағы қиындықты еңсерген қазақ халқының батыл бетбұрысы, осы жолда алып өткен мемлекеттік саясат, қалыптасқан көзқарас топтасуы тиіс.
ІІ.Қатысушы шығармаларға қойылатын талаптар:
– Байқауға 17-60 жас аралығындағы басылым оқырмандары қатыса алады.
– Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
– Жұмыс көлемі 2 беттен аспауы тиіс. Жұмыс WORD форматында қабылданады.
– Кегл түрі – Times New Roman, өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см қалдыру керек.
– Мөлтек әңгіме антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар қатыстырылмайды.
ІІІ.Әңгіме критерийлері мен дескрипторлары:
– Әңгіме мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымай беру.
– Құрылымы – жоспары мен дәлелдемелерді нақты қолдана алу, сөйлемдерді логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.
– Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.) шебер пайдалану.
Байқау материалдары 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін kazaly@bk.ru поштасына жолдану қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8 (724) 38 23804.
ІV.Байқау нәтижесін шығару
– Байқау жеңімпаздарын ұйымдастырушылар және сарапшылардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
– Жеңімпаз, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Сыр Медиа» ЖШС «Қазалы» газеті ­редакциясы
07 тамыз 2021 ж. 717 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930