Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалқабай Әбенов атындағы жас журналистер байқауы өтеді

Қалқабай Әбенов атындағы жас журналистер байқауы өтеді

Облыстық «Сыр бойы» газеті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас журналистер арасында Қалқабай Әбенов атындағы «Тәуелсіздік толғауы» атты байқау жарияланады.

Жалпы ереже

Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:

Жас журналистер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

Байқауға Тәуелсіздік жылдарындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы, жастар саясаты, ұлтаралық татулық, жалпы, қоғамның бет-бейнесі туралы талдау, зерттеу тұрғысындағы еңбектер, тың тақырыптар (қазақ және орыс тілдерінде) жіберіледі.

Байқауға бұрын-соңды баспа бетінде жарияланбаған, ал, телеарнада тек байқау кезеңінде эфирден өткен материалдар жіберіледі.

Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.

Байқау материалдары тиісті баспа және телеарна жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.Байқауға әрбір қатысушы баспа бойынша 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Сондай-ақ, телеарна тілшілері еңбектерін бейнетаспа түрінде ұсына алады. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі есепке алынады.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, мынадай құжаттарды қоса жібереді.

– Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.

– байқау материалының қағаз нұсқасы және бейнетаспа.

Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі:

Байқау үш кезеңнен тұрады.

– 2021 жылғы 5 сәуір мен 14 маусым аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;

– 2021 жылғы 15-23 маусым аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;

– 2021 жылғы 24 маусымда байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.


24 мамыр 2021 ж. 651 0

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 20

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 50

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031