Қазақстанда кәсіпорындардың 80% онлайн әдіспен тіркеледі

Елде компаниялардың тіркеу ісіне Әділет министрлігі жауапты. Бұл бағытта мемлекеттік қызметті көрсету ісі өтінім беру мен нәтижесін беру мына органдар арқылы жүзеге асырылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – коммерциялық емес ұйым, сонымен қатар акционерлік қоғам мен мемлекеттік кәсіпорындар формасындағы коммерциялық ұйымдар; 2) Электронды үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) арқылы – жеке кәсіпкерлік субъектілері; Сауалнама мәліметіне сәйкес, аталмыш мемлекеттік қызметке өтінім берушілер мен қызмет алушылардың 75,1% ғана қанағаттанған. Қоғамдық мониторингтің нәтижесінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметі 62 мемлекеттік қызметтің ішінде 27-ші орында тұр. Жалпы сауалнамаға 147 респондент қатысқан. Олардың ішінде 61,2% ер адамдар болса, 38,8% әйелдер. Қызмет алушылардың көпшілігінің жасы (43,5%) – 30 бен 39 жас аралығы. «Қызмет бұл ретте онлайн да, офлайн түрде көрсетілетінін атап өту керек. Респонденттердің 20% Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарының көмегімен қызметті қағаз жүзінде алған. Сұралғандардың қалған 80 пайызы қызметті электронды үкіметтің веб-порталы арқылы онлай әдіспен алғаны белгілі болып отыр», - делінген зерттеуде.