Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Құрметті көлік қызметкерлері!
Ардақты ардагерлер!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – теміржолшылар мен автокөлік жүргізушілерінің ғана емес, барлық көлік саласы қызметкерлерінің, яғни, жөндеу жұмысшыларының, инженерлік-техникалық қызметкерлердің, жол және көлік кәсіпорын басшыларының кәсіби мерекесі.
Көлік саласы әр кезде еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала болып табылады. Оның ішінде ғасырдан астам тарихы бар қазалылық теміржолшылардың еңбегі ерекше. Сондықтан да бұл саланың ауданымыздың дамуына тигізіп отырған ықпалы орасан зор.
Сіздердің өз жұмыстарыңызға адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, шеберліктеріңіздің нәтижесінде ауданымыздың көлік саласы үзіліссіз жұмыс істеуде.
Көлік саласын қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықтап, жұмыс сапасын арттыру жүк және жолаушы тасымалы көлемін еселеуге игі ықпалын тигізуде.
Қадірлі көлік қызметкерлері!
Көлік саласын көркейтіп, өркендетуге жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне, еңбек ардагерлеріне және олардың ізін жалғаушы көлік қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Егеменді еліміздің игілігін молайту мақсатындағы ерен еңбектеріңіз бен ұмтылыстарыңыздың жемісті бола беруіне тілектеспін.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бақыт тілеймін!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
31 шілде 2021 ж. 1 892 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 29

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 23

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 36

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 37

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 38

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031