"Біздегі вакциналарды араластырмаған жөн": Иммунолог "дельта" штаммына қарсы Қазақстандағы ең тиімді вакцинаны атады
Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың саны күннен күнге артып келеді. Әсіресе, “дельта” штаммның келуімен елдегі ахуал нашарлауда. Вирустан қорғанудың жолдары мен жаңа штаммның белгілері туралы иммунолог дәрігер Ақбаян Дәулетбаева айтып берді.
Sputnik V коронавирустың жаңа штаммдарынан қорғайды
Маман сөзінше, адамның бойында қалыптасатын антидене вируcтың қандай түріне болса да төтеп бере алады.
“Вакцина салдыру адамның ағзасында антидене қалыптастырады. Антидене вирустың таралуына және вируc жұқтыруға жол бермейді. Вирус штаммы әр кезде өзгеріп, мутациаланып отырады. Сондықтан, вакцина мына вирусқа әсер етеді, мына вирусқа әсер етпейді деп айта алмаймыз. Ол ағзамызда антидене қалыптастырғаннан кейін, кез келген вирусқа төтеп бере алады”, – дейді маман.
Иммунологтың пікірінше, Sputnik V вакцинасы вирустың жаңа штаммдарына қарсы тиімділігі жоғары.
“Коронавирустың жаңа штаммына ең тиімді екпе – векторлық Спутник V вакцинасы”, – дейді ол.
Сонымен қатар, Ақбаян Дәулетбаева вакцинаның ең алдымен кім салғызу керек екеніне тоқталды.
“Бірінші кезекте вакцинаны медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, жалпы халықпен тікелей байланыс жасайтын орталықтар мен мекемелердің жұмысшылары алуы керек. Сонымен қатар, екпеге қарсы көрсетілімі болмаса, диспансерлік кезекте тұрған науқастарға вакцинаны алғашқылардың бірі болып салғызғаны жөн”, – дейді дәрігер.
Вакцинаны кімге салдыруға болмайды?
Иммунолог вакцина салуға болмайтын кейбір жағдайларды атады. Ол қарсы көрсетілімі бар науқастар аурулары асқынған кезде екпе алмағаны жөн екенін түсіндірді.
“Вакцициядан өту арнайы қарсы көрсетілімі бар науқастарға кеңес берілмейді. Оның ішінде онкологиялық аурулары бар, химия терапия және басқа да процедураларды өтіп жүрген науқастарға вакцина салдырмаған абзал. Екінші аутоиммундық аурулары бар науқастарға ауру өршіген кезде екпе салуға болмайды. Оған қоса, екпені ауыр аллергиясы бар науқастарға және коронавируспен үш немесе алты ай көлемінде ауырып кеткен науқастарға салғызуға кеңес бермеймін. Созылмалы аурулары бар науқастардың да ауруы өршіп тұрған кезде және жедел аурулар ағымы кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған жөн. Сондықтан, екпені ремиссия кезінде салған дұрыс”, – деп түсіндірді Ақбаян Дәулетбаева.
Вакцина салғызуға болмайды деген анықтаманы қалай аламыз?
Дәрігер вакцина салдыруға болмайды деген анықтаманы жергілікті емханадағы учаскелік дәрігер беретінін айтты. Мұндай анықтама қажетті құжаттар мен тексеру нәтижелері негізінде тағайындалады.
“Вакцина салғызуға болмайды деген анықтаманы өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі емханаға, оның ішінде учаскелік дәрігерге қаралып, бүкіл анықтамаңызды көрсетіп, сынама нәтижелерін ұсынып қана ала аласыз. Сіздің диагнозыңыз анықталмаған жағдайда, учаскелік дәрігер сізді зерттеуге жіберіп, диагноз анықталғаннан кейін ғана вакцина салдыруға болмайды деген анықтама береді. Вакцина салуға болмайтын адамдар міндетті түрде медициналық маска тағып, қолдарын антисептикпен тазартып, үнемі сақтық шараларын сақтап жүргені абзал. Вакцина салдыра алмайтын адамның қоршаған ортасы міндетті түрде вакцина алғаны дұрыс”, – дейді ол.

Жүкті әйелдерге екпе салдыруға болмайды
Маман балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, балалардың ағзасы вирусқа төтеп бере алады.
“Балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу әлі толық зерттелмеген. Сондықтан менің ойымша, жүкті әйелдер мен балаларға вакцина салу қажет емес. Себебі балаларда иммундық жүйе жақсы қалыптасқан. Ауырған жағдайда да жеңіл түрде өтеді. Ал жүкті әйелдерге вакцина салуға кеңес берілмейді. Себебі вакцина салдырғаннан кейінгі бірінші үш күндіктегі реакциялары балаларға әсер етуі мүмкін. Вакцинаның алғашқы дозасын алған жүкті әйел аяғы ауыр екенін білгеннен кейін екінші дозадан босатылады. Екпенің бірінші дозасы жүктіліктің дамуына кері әсерін тигізбейді. Ол тек тері астына сіңіп кетеді. Ал егде жастағы тұрғындарға вакцина салдырған дұрыс. Себебі олардың созылмалы аурулары өте көп. Олар вирус жұқтырған жағдайда созылмалы ауруларын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, егде жастағы адамдар вакцина алғаны абзал“, – деп түсіндірді Ақбаян Дәулетбаева.
Вакцина салдыруға болмайтындардың қатарында онкологиялық ауруға шалдыққандар да бар. Бірақ ондай науқастар дәрігердің кеңесімен, арнайы тексеруден өтіп, вакцина салдыра алатын көрінеді.
“Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар вакцина салдыра алады. Бірақ міндетті түрде онкологпен кеңесуі қажет, әр адамның жағдайы әртүрлі. Сол себепті вакцина мәселесіне жекелей тоқталған абзал. Онкологиялық ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігермен ақылдасып, үнемі бақылауда болу қажет”, – дейді иммунолог.
Екі түрлі вакцина салдыру қауіпті
Қазіргі таңда елімізде бірнеше вакцинаны салдыруға мүмкіндік бар. Алайда маман тек қана бір вакцина салдыру қажеттігін алға тартты.
“Қазақстанда салынып жатқан вакциналарды араластырмаған жөн. Себебі бүгінгі күнге дейін толық зерттеу жүргізілген жоқ. Бір вакцина тірі векторлық болса, ал екінші өлі тазартылған вакцина болып саналады. Сондықтан араластыру қажет емес деп есептеймін. Бүгінгі күнге дейін антидене қанша уақытқа жеткілікті екені анықталмаған. Уақыт өте келе белгілі болады. Менің ойымша әрбір келесі вакцинаны алар кезде, ағзадағы антидененің мөлшерін анықтаған жөн”, –деп вакицнаның маңыздылығын түсіндірді ол.
“Делта” штаммы симптомсыз өтуі мүмкін емес
Иммунолог еліміздегі вирустың өршуіне ықпал еткен “дельта” штаммы туралы да айтып берді. Оның сөзінше, коронавирустың бұл түрі симптомсыз өтпейді. Міндетті түрде ауру белгілерінің бірі байқалуы қажет.
“Коронавирустың “дельта” штаммы симптомсыз болуы мүмкін емес. Кем дегенде бір немесе бірнеше симптомы анықталуы керек. Мысалы, бірінші күннен бастап дене қызуының жарты сағат сайын көтерілуі, асқазан ішек жолдарының зақымдануы, іштің өтуі, іштің ауруы, құсу, 48 сағаттың ішінде пневмонияның тез дамуы және температура мен сатурацияның қалыпты жағдайда тұрып, тез нашарлауға алып келуі мүмкін. Симптомсыз өтуі мүмкін емес”, – дейді иммунолог.