Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтіп жатыр

Бүгін елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтіп жатыр

Бүгін, 25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сайлау учаскелері таңғы сағат 7-ден ашылды. Ал сайлау уақыты кешкі 8-ге дейін жалғасады. Сайлау 14 облыстағы 1847 сайлау учаскесінде өтеді. Аймақтық сайлау комиссияларының дерегіне сәйкес, 750 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Оның 1419-ы өзін-өзі ұсынған. Ал 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны –1839. Сонымен бірге 458 әйел үміткер бағын сынағалы отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімдерін сайлауға қатысуға шақырған еді. "25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
25 шілде 2021 ж. 626 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031