Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 4763 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды

Елімізде 4763 рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны анықталды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысынында биылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша ғарыштық мониторинг арқылы 4763 рұқсат етілмеген қалдық тастау орны анықталғанын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде 2932 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны (ҚТҚ) бар, олардың 509-ы немесе 17,36 пайызы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

"Ел аумағында 191 қоқыс шығаратын ұйым жұмыс істейді, олардың теңгерімінде 2 мыңнан аса мамандандырылған автокөлік бар.

Биылғы 1 шілдеде күшіне енген жаңа Экологиялық кодексте бірқатар жүйелі шара көзделген, атап айтқанда, қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметін ретке келтіру және бақылау мақсатында хабарлама жасау тәртібін енгізу, сондай-ақ қоқыс шығаратын көлікті спутниктік навигациялық жүйелермен (GPS) жарақтандыру", - деді министр.

Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін ҚТҚ полигондарын рекультивациялауды немесе оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу және көму инфрақұрылымын құруды тапсырды.

Жергілікті атқарушы органдарға ғарыштық мониторингпен анықталған барлық рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, ІІМ, ЭГТРМ, АҚДМ және жұртшылықпен бірлесіп, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып, стихиялық қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізу тапсырылды.

Премьер-министр жосықсыз қоқыс үйінділерін тастайтын жерлерді анықтау және жою бойынша iKomek мысалында өңірлерде колл-орталықтар ашу қажет екенін атап өтті.

Асқар Мамин нысандар құрылысына рұқсат беру кезінде құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратуды қарастыруды, құрылыс қалдықтарын ҚТҚ полигондарын тығыздау мен рекультивациялауда, сондай-ақ негізгі пайдалы қазбаларды өндірудің тарихи орындарын рекультивациялауда қолдануды қарауды тапсырды.

Үкімет басшысы құрылыс қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде инфрақұрылым құрудың маңыздылығын атап өтті, бұл аса ірі және құрылыс қоқыстарын шығару үшін жағдай жасайды.
24 шілде 2021 ж. 699 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930