Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлер Нұр-Сұлтанда сенбілікке шығып, 16 тоннадан астам қоқыс жинады

Министрлер Нұр-Сұлтанда сенбілікке шығып, 16 тоннадан астам қоқыс жинады

Үкімет мүшелері #Birge #TazaQazaqstan акциясына қатысты. Еріктілер мен қоғам қайраткерлері бірігіп, Нұр-Сұлтан маңындағы көлдер мен өзендердің жанынан 16 тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. 

Экологиялық акцияға премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Республикалық экологиялық акциясы аясындағы экологиялық сенбілік барысында Есіл және Қарасу өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің жағалаулары тазартылды. 
Экологиялық акцияның қатысушылары Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын әуежайдан Қарағанды трассасына қарай, Майбалық көлін, Вячеслав су қоймасының жағалау маңындағы аумағын тазалады, 16 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылғы 20 шілдеде Қоянды су қоймасындағы «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастады. Сол күні акцияға 1,2 мыңнан астам адам қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.
28 шілде 2019 ж. 1 634 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31