Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам тынысының тамыршысы

Қоғам тынысының тамыршысы

Туған топырақ қай заманда да Дарабоздай топ бастап, тарланбоздай дүбір аңсап тұратын жандарға кенде емес. Соның ішінде сасқанға сая, асқанға тосқан, ұрпаққа ұстаз болған айбарлы азаматтар жетерлік. Олар ұлт руханиятының алтын қазығы, қоғам тынысының тамыршысы іспетті. Міне, осындай көп жұлдыздың ішінде сүмбіледей ерекше жарқырап, сөзі уәлі, ойы орамды, парасаты биік, қолындағысын қоғаммен бөлісіп жүретін арда азаматтың бірі Қызылорда облысының және Қазалы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Самұрат Жұманұлы Имандосов десек жарасымды.
Ер ел үшін туады. Осынау еренжүректі, өртұлғалы ел ағасының Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі еңбегі ұшан-теңіз.
Бұл күнде ардақты азамат басқаратын «РЗА» акционерлік қоғамы мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған, соңғы үлгідегі заманауи технологиямен жабдықталған республикадағы маңдайалды ұжымның бірі.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген екен Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов. Жақсының жақсылығын айту – парыз. Осы орайда ардақты азаматтың 2021 жылдың екінші жартыжылдығына тұрғындарға «Қазалы» газетін 500 данаға жаздырып бергенін айта кеткен ләзім.
Аудан айнасына баланатын «Қазалы» газетіне Самұрат Жұманұлының оялы оқырман, қолұшын созар қамқоршы болғаны зор мәртебе.
Бабалар сөзі мен саналы жанның сүйікті басылымына айналған аудандық «Қазалы» газеті редакциясының атынан Самұрат Имандосовқа және «РЗА» АҚ ұжымына зор алғыс айта отырып, отбастарына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке тілейміз!

Зор құрметпен:
«Қазалы» газеті редакциясы
26 маусым 2021 ж. 1 511 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 151

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 128

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 144

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031