Жаңа қаулы қабылданды
Қызылорда облысы коронавирустық инфекциясының эпидемологиялық ахуалды бағалау матрицасында 2021 жылғы 10 мамырдан бастап «жасыл» аймақта. Осыған байланысты бірқатар шектеу шараларын жеңілдету туралы облыстың Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің №14 жаңа Қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес келесі ТЫЙЫМДАР САҚТАЛАДЫ:
Қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға;
ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
букмекерлік кеңселердің қызметіне;
түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне;
мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуді;
РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ:
топтарды біріктіре отырып іс-шаралар жүргізбей, ата аналар мен бірге жүретін адамдарды кіргізбей мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына;
балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне;
ұйымдар, офистер жұмысын, міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылып, 70%-н күндізгі режиммен (30% қашықтықтан) жұмыс жасауға;
діни объектілер жұмысына толтырылуын 30% -дан асырмау талабымен жүзеге асыруға;
қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмау талабымен жұмыс кестесін сағат 7.00-ден 2.00-ге дейін асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тәулік бойы ұйымдастыруға;
банкет залдарының жұмысына тек ас беру үшін, ғимараттардың ішінде толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай;
50 адамнан асырмай мәдениет объектілерінің (дайындық) жұмысына;
толтырылуын 30%-дан асырмай театрлар, кинотеатрлар, концер залдары, филармониялар жұмысына;
толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
толтырылуы 75%, бірақ 25 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;
толтырылуын 30% асырмай бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг жұмысына;
толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан асырмай балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) жұмысына;
толтырылуы 20% асырмай көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге;
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына рұқсат. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021 жылғы №18 Қаулысымен реттеледі.
Қаулымен енгізілген бұл өзгерістер 2021 жылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді.