Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ас беруге рұқсат берілді

Ас беруге рұқсат берілді

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Басты жаңалық банкет залдарына ас беруге рұқсат берілді. Бірақ адам саны 50-ден, залдың толуы 30 проценттен аспауы қажет.
Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына белгіленген талаптарды орындаған жағдайда ғана рұқсат беріліп отыр. Яғни топтарды біріктіріп іс-шара өткізуге болмайды, ата-аналар мен еріп жүретін адамдардың ғимаратқа кіруіне рұқсат жоқ. Ал жалпы білім ошақтарында мектеп алды және 1-5, халықаралық мектептерде 1-7-сыныптарға оқуға рұқсат. Алайда әр класста оқушы саны 25-тен аспауы керек.
– Қазіргі таңда біздің облыс жасыл аймақта. Сол себепті жаңа қаулыда біздің аймақтағы карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. Бірақ бірқатар шектеулер әлі де жалғасады. Атап айтқанда, ойын-сауық іс-шараларын, көрме, форум, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық салтанатты, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, букмекерлік кеңсенің, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
Тыйым салуларға қарамастан әлі де тәртіп бұзушылықтар орын алуда. Жыл басынан бері мониторингтік топ 1450 нысанға тексеріс жүргізіп, оның 68-і карантин талаптарын бұзғандығы анықталды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

13 наурыз 2021 ж. 2 672 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 227

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 126

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031