Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір жолғы әлеуметтік көмек берілуде

Бір жолғы әлеуметтік көмек берілуде

Жастық шағын, бозбала уақытын, балалық қызығын соғыс жалмаған ата-әже сиреді бүгінде. Бәрі анда, бізге беймәлім ауылға аттануда.
Біздің Қазалыдан 10 500 азамат екінші дүниежүзілік соғысқа аттанды. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Сенсеңіз, соның жартысына жетпейтін жігіттер мүгедек болып, науқас күйінде елге оралды. Сол 5 мыңға жетер-жетпес қазалылық солдат "аурумын" не "соғыста қан кештім" деп кеуде кермеді. Аяғын аспанға көтеріп жатып алмады. Еңбек майданына қатысып, елмен бірге етене тірлік қылды.
Айтпақшы, бейбіт өмірді сүйген қазалылық ішінен алты азамат Кеңес Одағының батыры атанды. Олар Үрмәш Түктібаев, Геннадий Шляпин, Яков Михайлюк, Владимир Счастнов, Мақаш Балмағамбетов, Біліс Нұрпейісов. Өзім Бекарыстан Би Ауылындағы Үрмәш Түктібаев атындағы мектепте оқып, батыр жайлы дерекке қанығып өстім.
Соғыста от кешкендердің жаны темір емес. Жыл сайын қатары сиреп барады. Қазір Қазалыда қалғаны соғыс ардагерлері үшеу-ақ. Олар Тілеуберген Тобаберген, Қалеп Бектұрғанов, Қабақ Смағұл. Соңғысы маған өте жақын, қолына талай су құйған, рулас атам.
Биыл Мемлекет берген миллионнан бөлек, жер-жерде оларға көп құрмет көрсетілуде. Олар соған әбден лайықты да.
Жат жерде жарымжан күйде оралғандар көп. Ал топырағы туған жерден бұйырмағандар тіптен көп.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

10 мамыр 2021 ж. 876 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930