Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Игі іс жасаған ізгі жандар

Игі іс жасаған ізгі жандар

Бала күні Ұлыстың ұлы күні жақындады дегенде Наурыз көже ойға оралатын. Үйдегілер дайындықты ертерек бастап, осы айдағы мерекелерге жоспар құратын. Сол кездің өзінде көрші-көлем ұлттық нақыштағы киім киіп, құлпырып сала беретін. Ол уақыттағы сезім бөлек болды ма білмеймін, есейе келе мерекенің қызығы басылғандай. Дегенмен бейсенбі күні осы бір ұлттық мерекенің иісі мұрныма қайта келді. Арнайы дастарқан, наурыз көже, бұрқырап қайнаған самаурын, барлығы да балалық шағымды көз алдыма елестетіп, таңғажайып күй кештім. Оған себеп болған Жалаңтөс батыр, Абай, Лақалы ауылдық клубтарының ұйымдастыруымен 18 наурыз «Игі істер» күніне орай Жалаңтөс батыр ауылында өткен «Жақсылық жасау – игі іс» атты мерекелік шара.
Керемет концерттен бастау алған мәдени шарада клуб жанындағы би үйірмесінің өнерпаздары «Хорезм» биін билеп, Жалаңтөс батыр ауылдық клубының меңгерушісі Ербол Ізтілеуов пен Шарапат Махамбет өз өнерлерін паш етті. Мерекеге орай ұйымдастырылған концерт соңында Қарашеңгел ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуіт Сайын ақсақал алғысын жеткізіп, батасын берді.
– Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Бұрындары ұлттық мереке Ұлыстың ұлы күні – 22 ­Наурыз жақындағанда, яғни 18 ­наурызда «Игі істер» күні басталады. Бұл күні ауылдың жасы кішілері қарттарға арнайы барып, амандық-саулық сұрап, наурыз көжесінен дәм татады. Сосын ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесір, кембағал адамдарға көмек көрсетіледі. Араздасқандар бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-реніштің бәрін ұмытады. Қазір бұл мерекені жастардың көбі біле бермейді. Алдағы уақытта мұны қолға алып, кейінгі ұрпаққа насихаттау қажет, – деді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Мұнан соң жиналған көпшілік фойеде орналасқан шағын киіз үйде жайылған дастарқанға жайғасып, наурыз көжеден дәм татты. Ауыл өнерпаздарының өнерлерін тамашалады. Кешке кешігіп келгендерден қонақ кәде сұралып, әннен шашу шашылды. Торқалы тойға куә болған ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар мереке қарсаңында басқосуға себеп болған ұйымдастырушыларға алғаусыз лебізін жеткізді.
Мерекелік кеш мұнымен де аяқталмады. Ұйымдастырушылар ауылдағы бірқатар отбасыға қонақ болып, арнайы сый-сияпаттарын тарту етті. Ең әуелі Зибагүл Айтмамбетованың шаңырағына ат басын бұрып, ақ жаулықты ананың алғысына бөленіп, ризашылығын алды.
– Қазақта наурыз айының орны ерекше. Мереке атаулының барлығы осы айда. Соның ішінде бастысы 22 наурыз болса, оған дейін «Игі істер» күні аталып өтіледі. Маған ұнайтыны жағдайы төмен жандарға қол ұшын созу. Мерекенің басты ерекшелігі де осында. Ауыл өнерпаздары басқосып, арнайы шаңырағымызға келгенін көріп, қуанып қалдым. Қартайғанда бұлай іздеген жастардың болғанына қуанасың. Мерейтой баршамызға құтты болсын! Еліміз тыныш болсын, – деді ақжаулықты ана.
Осыдан кейін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуіт атаның үйіне табан тіреген жандар ақсақалға сыйлық табыстап, батасын алды. Артынша мәдениет саласының ардагері Александра Ыбырайдың шаңырағында болып, әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ана ризашылығына бөленді.

А. БАҚЫТҰЛЫ
20 наурыз 2021 ж. 2 842 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031