Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кең болсын қазағымның керегесі, құтты болсын Наурыз мерекесі

Кең болсын қазағымның керегесі, құтты болсын Наурыз мерекесі

Наурыз мерекесіне орай Абай ауылдық кітапханасында «Кең болсын қазағымның керегесі, құтты болсын Наурыз мерекесі!» атты ойын сауық кеші өткізілді.
Шара мақсаты оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып,халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы,шынайылыққа,адамгершілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу және ұлттық ойындарды насихаттау арқылы мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздерін кеңінен ұғындыру. Ұлттық киім киіп,бір-бірімен ақжарқын жүзбен төс қағыстырып көрісумен бастау алған шарада кітапхананың оқырмандары «Тұсау кесер» дәстүрін көрсетіп, «Тымақ ұру», «Бүркіт», «Ақ сандық пен көк сандық» , «Аударыспақ» атты ұлттық ойындарды ойнады. «Балдырған» би тобы «Ұршық» биін билесе, Жәния  Амантай«Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін орындады. Сонымен бірге Әсел Молдаш «Ұлтымыздың ұлық тойы осындай» өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Кеш соңында дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм таттты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
17 наурыз 2018 ж. 2 901 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 61

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031