Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрісу күніндегі кездесу

Көрісу күніндегі кездесу

Адамдар бұл күні бұрынғы өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Бұл көктемнің көңілді мерекесі – көрісу күні. Газетіміздің өткен санында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев 14 наурыз күні Ақтан батыр ауылында мерекенің жоралғысы жасалып, ақтанбатырлықтар мен Жанқожа батыр ауылының тұрғындары басқосатынын айтқан болатын. Көңілді мерекеден құр қалмайық деп ондағы жайдан хабардар болып, ақпараттандырғанды жөн санадық.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара Ақтан батыр ауылдық мәдениет клубында өтті. Кеште көрші Жанқожа батыр, Шәкен, Ақтан батыр ауылының өнерпаздары өнер көрсетіп, мерекенің жөн-жоралғыларын жасады. Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Халық театры» өнерпаздары театрландырылған қойлым қойып, Наурыз тойының бейнесіне айналған Қыдыр бабамыздың рөлін сомдап, көрермендерді ерекше көңілге бөледі. Артынша «Асыл әжелер» атты ансамблі ән салып, кешті одан әрі әрлендіре түсті. Жиын соңында ауыл тұрғындары бір-біріне ниет-тілектерін жеткізіп, келер жылы да аман-есен бас қосуын тіледі.
Мұнан бөлек Майдакөл ауылдық клубы өнерпаздары аудан жұртшылығына бейнеролик арқылы көрініс сыйлап, ұлыстың ұлы күніндегі жоралғыларды көпшілікке ұсынды.
Сондай-ақ Қазалы қалалық кітапханасы барша аудан тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтай отырып, «Абысын тату болса...» атты шағын көрініс тарту етті.
– Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз, алты ай қыстан аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтады.
Көрісу күні араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін наурызкөжеге шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу – тек адамдардың амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Қариялардың айтуынша, бұл күні реніште жүрген жандар бас араздығы ұмытып, татуласады. Сондықтан көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін дәстүр, – деген кітапхана ұжымы мерекенің аудан үшін де ерекше екенін жеткізді.

А. БАҚЫТҰЛЫ

16 наурыз 2021 ж. 2 469 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930