Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мұнай өңдеу қуаты жылына 39 млн тоннаға дейін артады

Елімізде мұнай өңдеу қуаты жылына 39 млн тоннаға дейін артады

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемін жылына шамамен 39 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты.

29 маусымда әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қандай
Фото: Pexels
Оның мәліметінше, жұмыс істеп тұрған үш зауытты кеңейту нәтижесінде мұнай өңдеудің жиынтық қуаты жылына 18 млн тоннадан 29,2 млн тоннаға дейін артады.
– Бұған қоса, жылдық қуаты 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Осы жобаны ескергенде, елдегі мұнай өңдеу қуаты жылына шамамен 39 млн тоннаға жетеді, – деді Ерлан Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, өндірістік қуаттың айтарлықтай ұлғаюы салаға қажетті кадр санына да әсер етеді.
– Қуаттың осылай өсуі білікті жұмысшылар санының бірнеше есе артуын талап етеді, — деді Ерлан Ақкенженов.
Былтыр елдегі мұнай өндіру көлемі 99,5 млн тоннаға жеткен еді.
Әлемдік мұнай бағасы тұрақты түрде қымбаттап жатыр.


08 қыркүйек 2026 ж. 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031