«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы өтті
Қазалы аудандық мәслихатының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы отырысы болып өтті. Отырысты аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібіне бір мәселе қаралып, талқыланды.
«Nur Otan» партиясының Қазалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын партия филиалының Саяси кеңес Бюросына бекітуге ұсыну туралы. Отырыста фракция мүшелері тарапынан Nur Otan» партиясының Қазалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын аудандық филиалдың саяси кеңес бюросы отырысында бекіту ұсынылды. Бұдан соң аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаевтың сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасына байланысты жасалған баяндамасы тыңдалып, талқыланды.
Жол картасы 7 бағытты қамтитын 114 – іс шарадан тұрады.
ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҒЫ
1. Экономикалық тұрақты аудан
2. Өмір сүруге жайлы аудан
3. Әлеуметтік қызметке бағытталған аудан
4. Жастарға арналған аудан
5. Мәдениеті мен тарихы бай аудан
6. Ашық есеп беретін жергілікті органдар
7. Қауіпсіз аудан.
Бірінші бағыт - «Экономикалық тұрақты аймақ» аясында экспортқа бағытталған 10 инвест жобаны іске асыру және жұмыс істеп тұрған 7 кәсіпорынды қайта жарақтандыру жоспарланған.
Екінші бағыт - «Жайлы аймақ» екінші аясында 5 жыл ішінде 244 пәтер(469 мың ш.м.) пайдалануға беріледі.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының135 шақырымы қайта жаңартылып,45 шақырымы орташа жөнделеді.
Қазалы ауданында 524,3 шақырым электр, қайта жаңғырту жобалары іске асырылады.1 елді мекен табиғи газға қосылады.
Үшінші бағыт– «Әлеуметтік бағдарланған аймақ» аясында 3 денсаулық сақтау нысанының құрылысы және 11 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіледі.
Төртінші– «Жастарға арналған аймақ»бағыты аясында«Жасыл ел» жасақтары ұйымдастырылып жыл сайын100 жасты уақытша жұмыспен қамтиды. Жыл сайын 120 жасқа «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобаларына грант алуға жәрдемдесу.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 375 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай (тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беру) жасалынады.Нәтижесінде, 2025 жылға қарай жастардың әлеуетінің артуына жағдай жасалып, жастардың жұмыссыздық деңгейін 4,5%-дан 4,3%-ға азайтуға ықпал етіледі.
Бесінші бағыт – «Тарих пен мәдениетті дамыту»Қазалы ауданының көрнекті тумаларының жұмыстарын насихаттау.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу.
Алтыншы – «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» бағыты аясында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90, кәсіпкерлердің онлайн бақылау кассалық аппараттарды пайдалануын 100%-ға жеткізу көзделген.
Жетінші бағыт - «Қауіпсіз аймақ» аясында Қазалы ауданының учаскелік полиция бекеттері мен елді мекендерінде 70 бейнебақылау камерасы орнатылады. 8 ауылда 25 шақырымды құрайтын 20 көшені жарықтандыру көзделген.
Отырыс барысында тиісті қаулы қабылданып, жол картасын іске асыруға бағытталған жұмыстарды жауапкершілікпен атқару фракция мүшелеріне жүктелді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат