Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұңайтпасовтың 150 жылдығы қалай мерекеленеді?

Мұңайтпасовтың 150 жылдығы қалай мерекеленеді?

Елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық білім мекемесінде атағы әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

Кездесудің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойын министрлік республикалық деңгейде атап өтетінін айтты.

Бүгін әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты салтанатты ашылу рәсімін кең көлемде атап өту мүмкін болмай отыр. Дегенмен бұған қарамастан бабамыздың 150 жылдығы лайықты, жоғары деңгейде мерекеленеді. Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында арнайы республикалық іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгіннен бастап республикамыздың барлық өңірінде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаңызды бір кісідей атсалысуға шақырамын, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Шара кезінде төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульников және Тимур Сыпатаев секілді танымал спорт шеберлері көпшілікке өз өнерлерін көрсетті.

Сергей Цырульниковтың айтуынша, өткен ғасырдағы балуандарымыздың қалдырған мұрасын жаңғыртып, оны сақтау қазіргі еліміздің жастары үшін маңызды.

Басты мақсат – өскелең ұрпақтың бойына ата-бабаларымыз аманаттап кеткен қасиеттерді сіңіру. Ата-бабамыздың мұрасын жаңғыртып, соның негізінде жастарды тәрбиелеуге болады. Сонымен қатар, елімізде бұқаралық және балалар, жасөспірімдер спортына аса мән беру маңызды. Болашақ чемпиондар солай тәрбиеленеді. Министрліктің қолдауымен мен де осы бағытты дамытуды жоспарлап отырмын, - деді Сергей Цырульников.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалаған.
baq.k
11 ақпан 2021 ж. 2 887 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930