Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Спортты басқару қиын емес": Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметі туралы

"Спортты басқару қиын емес": Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметі туралы

Үкімет отырысы аяқталғаннан кейін ҚР мәдениет және спорт министрлігіне жаңа сайланған Ақтоты Райымқұлова аталған саланы басқару аса қиын емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Мұның алдында Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары болған министр жаңа кадрлық тағайындаулар жасауға асықпайтынын жеткізді. 
"Жұмысты әрі қарай да жалғастыра беремін. Елбасымыз бен президенттің үкімет алдына қойған белгілі бір тапсырмасы бар. Соны жүзеге асыруымыз керек. Әрине, біз үшін ең бастысы – ел амандығы мен тыныштығы. Осы күнге дейін жұмыс істеген әріптестеріммен әрі қарай да қызметті жалғастырамын. Біздің ұжым өте жақсы", - деді Ақтоты Райымқұлова. 
Осы күнге дейін тек өнер мен мәдениетке жауапты болған министр спорт саласын басқару да аса қиын емес екеніне тоқталды. 
"Мәдениет пен өнер ақыл-ойды, парасаттылықты ұштайды. Ал спорт саласы – денені шынықтырып, салауатты өмір салтын насихаттайды. Жалпы адам болмысы үшін бұл екеуі қажет. Ал маған спорт саласын басқару қиын емес", - деді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, 17 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа мәдениет және спорт министрі етіп 
Ақтоты Райымқұлованы тағайындады.
18 маусым 2019 ж. 2 549 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 94

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031