Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын рухы ардақталды

Ақын рухы ардақталды

Аудандық орталық кітапхана төрінде Қазалы оқырманына етене таныс, белгілі ақын Сейіл Боранбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сезім жырын шерткен ақын» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Шараға кітапхана оқырмандары мен қатар ақынның көзін көрген, ізіне ерген зейнеткер-журналист Сахи Қапар мен білім беру саласының үздігі Гүлжаһан Шалболова қатысты.
Кеш барысында Қожабақы ауылында дүниеге келіп, Сыр бойына белгілі ақын ретінде танылған Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Сейіл Боранбаев жайлы қызықты деректер айтылып, жүргізушілер ақынның жалынды жыр жолдарынан үзінді оқып отырды.
Есімі ел есінде сақталған қаламгер туралы естелігімен алғаш болып Сахи Қапар бөлісті.
– Жаратылысынан сөз өнеріне бейім болғандықтан, Сейіл ағамыз ұстаздықтан журналистикаға көшіп, аудандық «Ленин туы» газетінде табаны күректей 22 жыл редакторлық қызмет атқарды. Бұл кезең қазалылық қаламгерлер мен журналистердің қаулап өсіп, жетілген дәуірі десек артық емес. Сейіл ағаның шекпенінен шыққан журналистің бірі мына мен. Ағалық мейірін сезініп, алдынан өттік. Ол кісінің жазған өлең-жырлары, соңына қалдырған әдеби мұрасы мен еліне жасаған қызметі бір төбе. Сыр бойындағы өнер мен мәдениет жолында жыр жауһарларымен үлес қосқан қаламгерлер қатарында Сейіл ағаның да аты аталуы заңдылық. Қазір ақынның екінші өмірі, яғни рухани ғұмыры жалғасуда. Өнегеге толы өмірі мен өнер жолын ұлықтау кейінгі ұрпақ еншісінде, – деді өз сөзінде ардагер журналист.
Шара барысында жыршы-термеші Кеңес Ердәулетов Сыр сүлейлері шығармаларын, зар заман ақындарының толғауларын нақышына келтіре орындап, қошеметке бөленді.
Сейіл Боранбаевтың 91 жылдығына орай ұйымдастырылған шараны Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова қортындылап, келушілерге алғысын жеткізді.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

20 қаңтар 2021 ж. 2 780 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930