Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұғыры биік – Тәуелсіздік

Тұғыры биік – Тәуелсіздік

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Онда Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарады. Ондағы атқарылған жүйелі жұмыстарды сөз етті. Әр жылдардағы қуаныштың қатары артып, талай қиын кезеңнін артта қалғанын айтып, ой елегінен өткізді. Өткен кезеңдеріндегі орындалған миссияларды қозғап, көптеген оқиғаны еске салды.
Мақаламен таныса отырып Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы», – дегенін көзім шалды. Бұл алдағы күндері халықтың жағдайы одан әрі жақсаратынын дәлелдеп тұрғандай.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бүгінге дейін қазақ елінің басынан түрлі оқиғалар өтіп, халық бірде тоқ, бірде аш күй кешті. Соғыс пен аштықты бастан өткерді. Ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздаған уақыт болды. Осыншама қиын қыстау кезеңді артқа тастаған қазақтың арманы орындалып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Содан бері елдің ахуалы да жаман емес. Сәт сайын алға жылжып, әлем елдерімен иық тіресетін жағдайға жеттік. Егер егемендікті алмағанда мұның барлығына жетпеген болар едік. Сондықтан Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын!

Алғашбай БАЙКӨБЕКОВ,
Қазалы ауданының Құрметті ­азаматы
19 қаңтар 2021 ж. 2 636 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930