Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік байқаушыларды не қызықтырғаны айтылды

Шетелдік байқаушыларды не қызықтырғаны айтылды

Бұл туралы бүгін «SAILAU TALKS – 2021» сараптамалық талқылау кезінде РФ СІМ ММХҚИ талдау орталығының бас ғылыми қызметкері Андрей Казанцев айтты.
Қазақстанда өткен сайлау процесін асқан қызығушылықпен бақыладым. Ең алдымен, барлық байқаушылардың назарын аударған бір жайт бұл – «мінсіз дауыл» деп атауға болатын бірқатар дағдарыспен қатар келуі болды. Біріншіден, қазір әлемде пандемиялық дағдарыс орын алғаны белгілі, оның соңы экономикалық дағдарысқа ұласып жатыр. Екіншіден, посткеңестік елдердің барлығында кездесетін ұрпақ алмасу жағдайы бар. Осы ұрпақ алмасу процесінің бір бөлігі Қазақстанда әлдеқашан болып кеткен және әлі де жалғасып жатқан саяси транзит болып саналады. Ал, кез келген транзит бұл белгілі бір тұрақсыздықты білдіреді. Сондықтан, бұл жерде қандай да бір дағдарыстық жағдайлар болуы әбден мүмкін. Ең соңғысы, демонстративті эффект. Егер Қазақстанды алар болсақ, Қазақстан бұл – еуразиялық держава. Батыста да, шығыста да толқулардың болып жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, АҚШ-тағы тұрақсыздық, Қырғызстандағы революция және т.б. Мұның бәрі алаң туғызар әсер берді. Сонымен бірге, Қазақстанда өзгерісті талап ету сұранымының өсу қарқыны байқалды. Осындай жағдайда менің ойымша, сыртқы байқаушылар көзқарасы бойынша сайлаудың тұрақтылық белгісі аясында өткені маңызды, - деді ол.
Сарапшы саяси жүйе өзгермесе де, сайлау процесс кезінде айтарлықтай прогрессивті өзгеріс болғанын атап өтті.
Бұл елдің жаңа саяси болашағын айқындайды. Ал, ол ұрпақ алмасу жағдайы кезінде аса маңызды. Бұл жерде жастар мен әйелдерге берілген басымдық, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жаңа мүмкіндіктер, пропорционалды жүйенің жаңа элементтері турасында айтуға болады. Партиялар деңгейінде де белгілі бір болашаққа әсер ететін прогрессивті өзгерістер бар. Ол мысалы, «Nur Otan» партиясының праймеризі, басқалардың ребрендинг жасауы. Сондай-ақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтың дауыс беруге келу көрсеткіші белсенді. Біз сияқты шетелдік байқаушылар үшін тұрақтылық пен реформаның үйлесім табуы қызығырақ. Бұл – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының көрінісі және бұл дәстүр әлі де сақталып келеді, - деді ол.
baq.kz
12 қаңтар 2021 ж. 2 240 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930