Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу сыйлаған жүздесу

Жылу сыйлаған жүздесу

Адамның жасы үлкейген сайын балаң көңілге ерік беріп, айналадағылардың сыйластығына, құрметіне бөленгісі келетіні рас. Оларға өзінен кейінгі буынның бір сәт көңіл бөліп, хал-жағдайын сұрағанның өзі жетіп жатыр. Әсіресе мереке күндері арнайылап, жылы лебізіңізді білдіре кетсеңіз ризашылығына бөленіп, батасын аласыз. Мұны жақсы түсінетін аудан басшысы Мұрат Ергешбаев апта басында бірнеше ардагердің шаңырағына барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Отбасыларына амандық-саулық тілеп, арнайы сыйлықтар табыстады.
Ауданда саналы ғұмырын белгілі бір саланың дамуына арнаған, бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлер жетерлік. Олардың таңдаған мамандығына адалдығы, қажырлы еңбегі көпке үлгі екені анық. Мәселен, Мұрат Нәлхожаұлы шаңырағында болған теміржол саласының ардагері Ерқосай Қабылов зейнет жасына дейін шойын жолда шымырлық көрсетсе, Айымбибі Қазығұлова мен Күлжамила Өтегенова ұстаз деген есімнің ұлықталуына еңбек етіп, талантты да білімді шәкірттерді тәрбиеледі.
Мерекеде мерейі тасыған София ­Досмайлова көп жылдар медицина саласында қызмет етіп, жанына медеу сұрай келген талай жанның сауабын алған. Бұдан бөлек ауданда құрылыс саласы жайында сөз қозғалса, есімі алдымен аталатын Салмырза Қалдыбековтың осындағы талай ғимаратта қолтаңбасы қалған. Ал Сақыбай Нармағамбетовті ауылшаруашылық саласындағы азаматтардың көпшілігі жақсы таниды. Өйткені ақсақал кезінде қамбадағы астықтың артуына, аудандағы мал басының көбейуіне аянбай еңбек еткен. Бүгінде бұлардың барлығы зейнеткерлік демалысқа шығып, ақылшы ата-әже атанып отыр.
Сала ардагерлері мерекелік көңіл-күй сыйлап, құттықтай келген аудан басшысының көңіліне ризашылықтарын білдірді.
М.Нәлхожаұлы қарттар елдің қазынасы екенін тілге тиек етіп, кез келген мереке мен айтулы күндерде назардан тыс қалмайтындарын жеткізді. Өмір жолдары өскелең ұрпаққа үлгі болған қарттардың әлі де болса жастарды тәрбиелеуге, дұрыс бағыт беруге атсалысатындарына сенім білдірді.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ

31 желтоқсан 2020 ж. 2 443 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031