Шаңырақ шаттығы бейнеролик байқауы
2020 жылға арналған «Қазалы ауданында жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі, «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігі мен аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Шаңырақ шаттығы» аудандық бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға барлығы 11 отбасы қатысуға ниет білдіріп, 4 отбасы арнайы комисия шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Байқаудың бас жүлдесін Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылынан қатысқан Еришовтер отбасы иеленді. І-орынды Жанқожа батыр ауылынан қатысқан Молдабековтер отбасы иеленсе, ІІ орынды Әйтеке би кентінен Ердесовтер әулеті, ІІІ орынды Құмарбаевтар отбасы қанжығалады.
Байқау жеңімпаздарын «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Иманалиева Гүлдәрі Тасболатқызы марапаттап, арнайы диплом мен бағалы сыйлық табыстады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат