Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин жыл соңындағы тапсырмаларын айтты

Мамин жыл соңындағы тапсырмаларын айтты

Үкімет басшысы Асқар Мамин министлер мен әкімдерге суды тиімді пайдалануға тапсырма берді. 

Ауыл шаруашылығы, экология, сауда министрліктері ішкі қажеттіліктер мен егіс алаңының құрылымын әртараптандыру бойынша міндеттерді ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар егісін ауыстыру мәселесін әкімдермен пысықтасын. Бұл мәселе агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа бағдарламасына енгізілуі керек,- дейді Мамин.
Ол Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес алдағы 20-30 жылда Орталық Азия елдерінде су тапшылығы өседі деп отыр.
Сондықтан су ресурстарын барлық мемлекеттердің мүдделерін ескеріп, тиімді пайдалану мәселесінің маңызы артуда.Осыған орай экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, көрші мемлекеттердің салалық ведомстволарымен шекарааралық өзендерді өзара тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырамын,- деді үкімет басшысы.
Одан бөлек, экология және ауыл шаруашылығы министрліктеріне әкімдіктермен бірге атқаратын жұмыстарды тапсырды. Яғни су шаруашылығы объектілерін салу және реконструкциялау, су үнемдеу технологиялары мен суды есепке алудың цифрлық жүйелерін енгізу бойынша жобаларды іске асыру.
Жалпы бақылау мен үйлестіру вице-премьер Роман Склярға жүктелді.

22 желтоқсан 2020 ж. 2 206 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031