Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізілмек

Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізілмек

Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізілмек. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының атап өтуінше, жер және салық қатынастарын реттеудің қалыптасқан экономикалық тетіктері фермерлерді маңызды салалық ресурсты - жерді тиімді пайдалануға ынталандырмай отыр. Бұған қоса, іргелес елдердің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі осындай өндірушілерімен бәсекелестік бірдей емес. Сондай-ақ тиімді өндірушілер айналымынан қаражат пен кірістің айтарлықтай бөлігін алып, ұдайы өндірісті кеңейтуді және саланы дамытуды шектейді. «Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруді жеңілдету және конкурс өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актіні қабылдады. Сонымен қатар бекітілген тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығы ставкасын көтеру және бірыңғай аграрлық салық енгізу арқылы ауыл шаруашылығындағы салық саясатын жетілдіру мәселесін қарастырып жатыр», - деді Асқар Мамин. Премьер-министр депутаттарға берген жауабында биыл Жер ресурстарының бірыңғай веб-порталы іске қосылып, барлық жайылым цифрландырылатындығын атап өткен.
15 наурыз 2019 ж. 1 219 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031