Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елді ерлікке жеткізген

Елді ерлікке жеткізген

Құрметті қазалылықтар!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында халқымыз дамудың ілгерілеу әрі өркендеу жолымен келеді.
Қазақта «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалары болады. Олар қаншама уақыт өтсе де ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте егемен Қазақстанның негізін салып, дамудың даңғыл жолына түсірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше.
Қадірлі жерлестер!
1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Осынау ел-халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
М.ЕРГЕШБАЕВ
01 желтоқсан 2020 ж. 840 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031