Тұңғыш Президент жайындағы тың дерек
Биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды. Қазақ елі егемендік алған жылдан бері шекараны шегендеп, мемлекетті тұрақты даму жолына сала білген тәуелсіз елдің тұңғыш көшбасшының Отан үшін жасаған жақсылығы аз емес. Мұнымен қоса оны жұртшылық әлемдік саясаттағы белді «төрешілердің» бірі екенін жақсы біледі. Бүгін бес мәрте халықтың басым бөлігінің қолдауына ие болған Н.Әбішұлы төңірегіндегі көпшілік біле бермейтін оқиғаларды оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Шыңда – қар, бөктерде – жаңбыр...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы туралы қызықты эпизодтарды Рүстем Әбдірашевтің «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен кездестіруге болады. Туындыда көрсетілген перзентханада босанған әйелдің бірі жаңа туған ер баланы өзінің жетінші болып туған қызымен ауыстыруға тырысады. Өйткені оның отбасында қамшыұстар жоқ еді. Абырой болғанда болашақ президенттің анасы Әлжан әлгі әйелдің арам пиғылын сезеді. Олай болмағанда егемен Қазақстанның тарихы басқа сценарий бойынша дамуы мүмкін еді. Бұл оқиға режиссердің шығармашылық тұрғыдағы ұтқыр кіріспесі де болуы ғажап емес.
«Оң мен солсыз» өмірбаяндық кітабында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бірнеше бабасы бақташылықпен айналысқанын жазған. Өзі 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылынан алыс емес жерде Іле Алатауының бөктерін бойлаған Үшқоңыр үстіртіндегі жайлауда дүниеге келгенін білеміз. Бірақ ел ертеңі үшін туған баланың салмағы 5 киллограм болғанын бәрі біле бермейді.
– Менің ата-анам ұзақ уақыт бойы бала сүйе алмаған», – дейді өткеніне көз жүгірткен Нұрсұлтан Әбішұлы. – Солай жүргенде біреулер анама Райымбек әулиенің бейітіне барып, дұға етіп, тілек тілеуге кеңес беріпті. ... Мен дүниеге келерде анам түсінде көл түбінен ескі мылтық тауып алғанын айтатын.Ал түс жорушылар мұны ұзақ өмір сүретін, қиындықтармен бетпе-бет келетін күрескер өмірге келеді деп қуантқан. Анамның ай-күні жетіп, жарық дүниеге келгенімде мезгіл жаз болса да, тау шыңына қар жауып, бөктерінде жаңбыр сіркіреген. Қазақтар мұндайда «Нұр жауды» деп ерекше қуанышқа бөленеді, – деген еді.
Болашақ Президент өмірге келгеннен кейін көп ұзамай келеңсіздік орын алып, Назарбаевтар қоныс тепкен қыстақ өртке оранады. Әкесі Әбіш өртті ауыздықтауда қатты күйік алады. Әсіресе қолдарының біраз бөлігі жан шыдатпастай еді. Дәрігер мен халық емшілері қатар қарап, ем-дом жасағанымен шынтағы бүгілмейтін жағдайға жеткен.
– Бұл жылдар біздің отбасымыз үшін бітпейтін қысқы түнге айналғанын, суық пен аштық қатар дендегенін ауыл ақсақалдары көп айтатын. Қасқырдың да көптігі көңілге қорқыныш ұялататын. Түз тағысының ауыл сыртынан ұлыған дауысын естігенде анамның түрі неге бозарып кететінін ер жете келе түсіндім. Бірақ анам олар шабуыл жасаса, әкем бір қолымен-ақ жыртқыштардың бетін қайтаруға қауқарлы екенін білетін. Қорқыныштысы қызғыштай қорып отырған отар қойға тұтқиылдан келіп тісін батырса есепші алдында не айтады? Олар сол кезде ешқандай себептерге түсіністік танытпайтын. Қойшы отарды қорғай алмады ма, жазасын алады, – делінген кітапта.

Ел болып таңдалған есім
Болашақ Ұлт Көшбасшысының есімі де жүрдім-бардым таңдала салмаған. Тұңғышы дүниеге келгенде Назарбаевтар отбасы жайлауда, яғни таудағы жайылымда үлкен мереке ұйымдастырды. Қуанышқа жиылған сыйлы қонақтар ең әдемі есімдерді кезек-кезегімен ұсынған. Бірақ ақырында Мырзабала әженің таңдауына ешкім қарсы келмеді. Ол Құранның екі есімін біріктірді. Араб тілінен аударғанда «жарық» мағынасын беретін «Нұр» мен «билеуші» дегенді білдіретін «Сұлтан» сөзін қосып, «Нұрсұлтан» атады. Ал отбасы мүшелері болашақ Президентті Сұлтан деп еркелететін.
Ежелден бері қазақ даласында ұл баланың тегі әкесінің атымен байланысатын еді. Болашақ мемлекет басшысы Әбішев болуы тиіс болатын. Бірақ халықтық дәстүр КСРО паспорттық жүйесімен керағар болды. Нәтижесінде Назарбай атасының құрметіне фамилия алды.
Балалықтың алғашқы жылдары Іле Алатауының бөктерінде өтті. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін ғана Назарбаевтар отбасы Шамалғанға көшіп барды.
«Адамдар Жеңісті тойлап жатты», – деп еске алды мемлекет басшысы. «Мен бұрын-соңды мұндай көп адамды көрген емеспін. Анам үшін де көп нәрсе таңсық еді. Ол сол кезде балғар, шешен мен немістерді, месхеттік түріктерді бірінші рет көрді. Біздің бір уақыттары беймарал тыныш болған ауылға сұрапыл соғыс жылдары кімдер айдалып келмеді?!»
Тойып тамақ жемеген
Бозбала Нұрсұлтанның ізінен ерген Болат пен Сатыбалды атты бауырлары мен Анипа есімді қарындасына қарасуы керек болды. Соғыстан кейінгі жылдары барлығы аш өмір сүрді, тамақ жетіспеді. Жас Нұрсұлтан отбасының үлкен баласы ретінде көршілес ауылдан күн сайын таңертең нан алып келуге кететін.
– Мені күн ұясынан көтерілмей ұйқыдан оятатын. Есекке мініп алып, таңғы сағат алтыға дейін қазіргі Карагалиндегі шүберек фабрикасының орнында болған жұмысшылар ауылындағы дүкен ашылғанша үлгеруім керек. Барған бойда ұзын шұбар кезекке тұрамын. Егер кенеттен таластан айқай шығып, мені ысырып тастамаса күн жарымға дейін қолыма нан тиеді. Бірақ бұл үй ішіндегі жандарға аздық ететін. Сондықтан кезекте екі-үш рет тұруыма тура келетін. Қиыны сол мұндай нанды ұзақ сақтауға келмейді. Оны кесектеп турап, күнге кептіріп қояды. Бұл тағам барлығы үшін үлкен бақытпен тең еді, – делінген «Оң мен солсыз» кітабында.
Назарбаевтар отбасының сол тұстағыларға қарағанда бағы басым еді. Өйткені кез келген үйде табыла бермейтін сүтті сиыр балалардың ауызын ақтан айырмады. Сүттен айран жасалып, оған ұсақталған жүгері араластырылды. Қолдың талқаны ең дәмді тағам болмаса да қарын тойдыруда таптырмайтын.
– Қант, шелпек, шай – бұл «дилекатестердің» дәмін татудың өзі бір арман еді. Еш жерден табылмайтын, – деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «100 жаңа есім» жастар жобасының жеңімпаздарымен кездесуде өз естеліктерімен бөлісті. – Есесіне тәтті тамырлар, хош иісті жидектерді анамның көмегімен іздеуді тез үйреніп алдым. Жаз мезгілінде алма, қияр, қызанақ сияқты жемістерді талғажау ететінмін. Бірақ бала болып, тойған емеспін. Бүгінде денемнің ірі болуы бала кезімде тойып тамақ ішпегеннен де шығар. Құдай сонша өмір берді, – деді ол.
Қиындықты жеңген қасиет
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбексүйгіштігі жағынан әкесі Әбішке тартқанын жиі айтады. Ол жаза да, оқи да алмаған. Бірақ 11 жасында Верненский ауданының Пригорное ауылындағы Никифоровқа қожалығына жұмысқа орналасқаннан кейін тіл үйренген.
– Орысша сөйлеуді тез үйренді, шаруашылықта да осы жылдары таптырмас жұмысшыға айналды. Әкем етік жасауды, диірмен басқаруды және жәрмеңкеде саудаласуды жетік меңгерген. Сондай-ақ орыс және қазақ әндерін керемет орындайтын. Ол өзіне жар ретінде анам Әлжанды таңдады. Ауылда одан асқан импровизаторлық әнші жоқ еді, – деді Н.Әбішұлы.
1929 жылдың көктемінде барлығының астан-кестені шықты. Қазақстанда жаппай ұжымдастыру басталды. Пригорное ауылында Никифоровтың шаруа қожалығы да жұмысын тоқтатып, құртып жіберді. Әбіш қарапайым жұмысшы болғандықтан қудалаудан аман қалды. Сол жылдары қазақ даласына қорқынышты келеңсіздік орын алды. Билік жергілікті тұрғындардан басты күнкөріс – малдарын тартып алды. Аштық басталды. Ол жүз мыңдаған адамның өмірін қиды. Тағы миллиондаған қазақ Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі елде қалып, қажырлы еңбегінің арқасында аласапыран жылдары отбасын жұттан аман алып қалды.
«Әкем Әбіш мен оянбай тұрып жұмысқа кететін және кешкі ұйқыға жатпай тұрып оралған кездері өте аз»,– деді Назарбаев Ресейдің «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында. «Оның маған үйреткендерінің ең бағалысы – еңбексүйгіштік. Қол қусырып қарап отырған адамға кіжірейе қарайтын. Ал анам өзімді толыққанды бақытты сезінуім үшін ерекше махаббат сыйлады», – деді ол.
Достыққа қастық қылмаған
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің балалық шағында Шамалғаннан ең маңызды нәрсе – достықты қадірлеуді үйренгенін жасырмайды. Отбасы таулы жайылымнан кішкентай, бірақ көпұлтты ауылға көшіп келгенде ол бірде-бір тіл білмейтін. Көшедегі жаңа достарының арқасында бірнеше тілді қатар меңгерген. Көп ұзамай ол балқар тілінде еркін сөйледі. Өйткені оның жаңа да жақын достары – Солтүстік Кавказдан көшіп келгендер еді. Болашақ Президент оларға қазақ тілін оқытты. Ауызбіршіліктің арқасында олар көңілді және тату тұратын.
– Әрине, жігіттің аты – жігіт. Бас соғысып, кеуде тірескен, тіпті топ болып төбелескен кездер болды. Бірақ «жауынгерлер» ешқашан ұлтына қарай бөлінген емес. Бір қазақтың үйіне месхеттік түрік отбасы көшіп келсе немесе келесі үйде Богдан, Ричард, Олег тұрса қалай ұлт болып бөлінуге болады? Мен үшін халықтар арасындағы достық ешқашан абстракты нәрсе болған емес. Ол әрдайым сенімен өмірді бір оймен, бір мазасыздықпен өмір сүріп жатқан басқа ұлт адамдарына деген сүйіспеншілік сезімінен көрініс тапты. Өкінішке орай, соңғы кездері біз «достық» сөзін «ұлтаралық қатынастар» деген бет-бейнесіз тіркестің орнына алмастыра бастадық.
Дайындаған
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ