Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы орталық көше Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне аталады

Қызылордадағы орталық көше Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне аталады

Қызылорда қаласындағы Жібек Жолы көшесі енді Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі деп аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шешім Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVIII сессиясында қабылданды. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, облыс орталықтарындағы көшелерді қайта атау Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде жүргізілетінін айтып, облыс әкімдігінің қаулысын облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен бекітуді ұсынды.

«Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында Елбасы өз рөлін абыроймен алып өтті. Ең алдымен, Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тұрақтылығын, ынтымақтастықты қалыптастырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытты. Сондықтан осы бастаманы қолдауды ұсынамыз», - деді облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов.

Өз кезегінде депутаттар Жібек Жолы көшесін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне беру туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Еске салайық, ҚР Президенті міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі орталық көшелерге ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын жасаған болатын. 
21 наурыз 2019 ж. 2 613 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 60

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 94

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 71

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031