Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі тапшылығы қайталанбай ма?

Дәрі тапшылығы қайталанбай ма?

Бейсенбіде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов онлайн брифингте елдің барлық өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбейгендігін мәлімдеді. Ел бойынша ауырып қалғандардың жартысы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.
Бас санитардың мәлімдеуінше, науқастанғандар қатары Қостанай мен Батыс Қазақстан облысы және Павлодар аймағында да өскені байқалып тұр. Бұған орай аталған аумақтарда шектеу жұмыстары күшейтілді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елдегі карантиндік режимді қатайтудың қосымша шаралары қабылданды.
Мемлекет басшысы мен Үкімет бақылауындағы тапсырмаларды орындай отырып, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирустық ­инфекциямен күрес шеңберінде елде дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шара қабылдады. Елдегі медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуіне байланысты маусым айының соңында барлық өңірдегі аурухана мен провизорлық орталықтарда дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл тапшылық бөлшек сауда желісінен көрініс тапты. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі басқа елдерден 10 миллионнан астам қаптама көлемінде ұшақ борттарымен дәрілік заттардың 50-ден аса түрін жеткізіп берді. Бұл дәрі-дәрмектер аймақтар арасында біркелкі бөлінді. Нарыққа әкелуді және қолжетімділікті оңайлату үшін министрлік рұқсат беру құжаттарын бір тәулік ішінде беру рәсімдерін жеңілдетті. “Өтінімді қабылдаған кезден бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеделдетілген рәсім бойынша декларациялау жолымен ғана өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына бағалау, сертификат жүргізу мерзімін және құжаттар тізбесін қысқартты”, – деп айтқан болатын Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.
Ол індеттің екінші толқыны кезінде өңірлерде сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлу үшін тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылғанын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде өңірлерге 17,9 миллиард теңге бөлінген.
Ал біздің ауданда әзірге жағдай бірқалыпты. Дегенмен “Сақтансаң, сақтаймын” тәмсілін үнемі естен шығармаған жөн. Бұл ретте коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп, медициналық құрал-жабдықтармен қамту қолға алынған. Дәрі тапшылығы да орын алмайды деген сенім мол.
– Алдымызда не болатынын болжау мүмкін емес. Әрине бүкіл әлемді шарпыған дертпен ешкімнің ауырмағанын қалаймыз. Тұрғындардың сау болғанын тілейміз. Дей тұрғанмен кез келген жайтқа қай кезде болсын дайынбыз. Бірінші толқын кезінде болған жағдайдан біраз тәжірибе жинадық. Десек те халықтың басына қандай іс түссе де, дүрбелеңге салынбаса дейміз. Дәрілік қор жеткілікті, маскалар да баршылық. Вирусқа қарсы препарат пен антибиотик, дәрумендер бар, – дейді “Nur-Med.kz” ЖШС-нің провизоры Мөлдір Қадыр.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті өңірлердегі көтерме дистрибьюторларды бөлшек саудада неғұрлым сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуына мониторинг жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Мамандар дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қор бар деп отыр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 қараша 2020 ж. 630 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930