Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Барды бағамдаған басқарма

Барды бағамдаған басқарма

Қандай мемлекеттің өркендеуі мен өрістеуі озық көрсеткіші мен экономикалық -ахуалына байланысты екенін ескерсек, оларды қадағалап, нақты әрекеттер белгілеп, құрылымдық жоспарлар түзетін статистика саласының қызметі қашан да құнды.
Тарихқа жүгінсек, 1920 жылы 8 қараша Қазақ АКСР үкіметі қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттік статистика туралы ережені қабылдаған. Содан бері Қазақстандағы бұл жүйенің бастауы болған сәт сала мамандарының атаулы күні ретінде аталып өтеді. Кәсіби мерекелері қарсаңында мемлекеттік басқарудың айрықша маңызды саласы болып есептелетін Қазалы ауданының статистика басқармасына бас сұқтық.Ғасырлық тарихы бар саланың ауданда арнайы орын болып, қызметін бастауы 1947 жылға тиесілі. 1954-1959 жылдары есеп-қисап мекемесі атанған жерде санаулы жұмысшы қызмет атқарады.
1976 жылы Германиядан озық үлгідегі 5 «Аскота», ¬8¬¬ перфарациялық машина, 18 «Зоемтрон», 3 «Табулятор» аспаптарымен жарақтандырылған кезеңде Қазалыдағы статистика саласы жанданып, Одақ, үш рет Республика жеңімпазы атанды.
Ал 2005 жылы рейтингтік баға көрсеткіштері бойынша аудандар арасында алдыңғы қатардан көрінген мекеме 2006-2007 жылдары да үздіктер үдесінен көрінген.
Мұнан кейін әр жылдары статистика жөніндегі мемлекеттік комитет, ақпараттық статистикалық орталық, облыстық статистика департаментінің бөлімі, статистика басқармасы сынды түрлі атаулармен өзгеріп отырса да, уақыт талабы, заман ағымына ілесіп, экономика, әлеуметтік және демографиялық индикатор, ауыл шаруашылығы мен халық тұрмысы, әлеуметтік жағдай секілді түрлі салалар бойынша мәлімет жиып, талдамалар жасау ісімен тұрақты айналысып келеді.
Кез келген статистика мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын белгілеуде, саяси және бәсекелістік ортада маңызды рөл атқарады. Аудандағы басқарма мемлекеттік басқару органдары, түрлі ұйымдар, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздық, баға тұрақтылығы жөнінде сапалы және жедел статистикалық ақпараттарды алып отырады. Олар өз жұмыстары арқылы ведомстволардың дамуын бақылап, бюджет бөлінісін реттеуге септігін тигізеді.
Нақтылық пен талдау дұрыстығын талап ететін органда болған бір күнімізде статистердің әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бағамдауда арнайы заң талаптары аясында өзіндік әдіс-тәсіл, ережелер жиынтығы арқылы жұмыс істейтінін байқадық. Осыдан 5-6 жыл бұрынғыдай қалың қағазды қолтықтап, олардың есебін беруде кезек күткен мекеме мен ұйым өкілдері, жеке кәсіпкерлерді де кездестірмедік. Мұның сырын Дәуірхан Тәжмағамбет жаңғырған жүйенің жаңалығымен түсіндірді. Сапалы санақ жасау ісін оңтайландыру мақсатында қолданысқа енген заманауи технологиялардың жұмыстары бұл мекемеде оңтайлы жүзеге асырылған. Басқарма жұмысы елдегі бүкіл статистикалық қызметті ұйымдастырып отыратын ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған жүйесіне қосылған. Енді есеп беруші бұрынғыдай уақытын өткізіп, сабылмайды, онлайн жүйеде отырған жерінен жөнелте алады. Ал жұмысын алғаш бастағандардың үйренуіне көмек көрсету жолға қойылған. Сондай-ақ техникалық ақаулар орын алған жағдайда есеп тапсырушы басқарма ғимаратына келіп, «Бір терезе» қағидасы бойынша өз-өзіне қызмет көрсете алады. Түрлі тақырыптағы зерттеулер планшеттер арқылы жүргізіледі.
Алдағы жоспарлары туралы сұрағымызға, басқарма басшысы Бақытжан Әлімбай келер жылы тарихи дата – Қазақстан мемлекеттік статистикасының 100 жылдық мерейтойын жақсы жұмыс, көңіл көншітер көрсеткіштермен қарсы алуды мақсат тұтып отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ қазір алдағы жылғы ауқымды шара – халық санағын өткізуге қызу дайындық жүргізіліп жатқандығынан хабардар болдық.
Бүгінде Бақытжан Әлімбай басқаратын басқармада бас маман Дәуіржан Тәжмағамбет, жетекші мамандар Қасым Әлдебай, Ботагөз Ешниязова, Гүлбақыт Бақбергенова, ақпаратты есептеу орталығы филиалының бас маманы Роза Қазыбаева, Есіркеп Нұр бастаған сұхбатшылар қызмет етеді. Дені тәжірибелі мамандар. Мұнда қиыс кетуге, бүгінгіні ертеңге қалдыруға, дерексіз болжам жасауға жол жоқ. Дәлдік, туралық, жауапкершілік. Бұл біз көрген статистердің ұстанған бағыты ғана емес, бұлжытпас қағидасы. Халық айтқан «Есеп білген ұтылмас» деген қанатты сөзді еске салатын әр күнгі тынымсыз тірлік, тәжірибе мен білімдерін ауданның тұрақты дамуына ойыстырған сала еңбеккерлерінің ынтымақты ісі елдің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға мол мүмкіндік беріп, дұрыс шешім қабылдауға негіз болары сөзсіз.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
09 қараша 2019 ж. 680 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930