Қазақ полициясы БҰҰ ДБ қолдауымен халыққа қызмет көрсетудің жаңа моделіне көшеді
БҰҰ Даму бағдарламасы полиция модернизациясы жол картасы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын іске асыруда Ішкі істер министрлігіне қолдау көрсетеді.
Ішкі істер министрлігінде ведоство басшысы Ерлан Тұрғымбаев пен БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериштің кездесуі өтті. Тараптар қазақстандық полицияны модернизациялаудың басым бағыттарын, оның ішінде халықтың сенімін нығайту, халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын одан әрі жетілдіру және әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып, қызмет көрсету моделін кең ауқымды ете түсу, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басқа басымдықтарды талқылады.
– Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасына қазақстандық полицияны модернизациялау ісіне қосқан баға жетпес үлесі және халықаралық сараптамалық қолдауы үшін алғысымды білдіремін, – деді министр Тұрғымбаев кездесу басында.
Өз кезегінде Якуп Бериш БҰҰДБ Ішкі істер министрлігімен қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейіне өте риза екенін айтты.
– Біз үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін және ең бастысы – адам және қазақстандықтар қажеттіліктері өзгерістер өзегінде тұрғанын көріп отырмыз. 2021-2025 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарлама ауықымында Ішкі істер министрлігінің күш-жігерін қолдауды жалғастыра береміз, – деді БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.
Әрі қарайғы ынтымақтастықты кеңейту учаскелік полиция мен ювеналды полиция қызметкерлері әлеуетін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және қызмет көрсететін полиция моделін пилоттық үлгіде енгізу бойынша табысты бірлескен жұмыс тәжірибесіне негізделген.