Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқдопшылар ақын рухын ардақтады

Аяқдопшылар ақын рухын ардақтады

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді. Арда ақын Абдулла ­Сапар көзі тірісінде қажырлы еңбегімен, ақындығымен елге танылып үлгерді. Келместің кемесінен орын тапқан абыройлы азаматтың көзі кетсе де, өзін ұмытпаған жора-жолдастары өткен жексенбіде ақынды еске алуға арналған кіші футболдан аудандық турнир ұйымдастырды.
Жарысқа 16 команда қатысты. Нәтижесінде үшінші орынды «Қайсар 79» командасы қанжығасына байлады. Ал №249 мектеп-лицейдің жігіттері екінші орынды қанағат тұтты. Төрт топқа бөлініп өзара тартысқан командалардың ішінен «Намыстың» намысшыл аяқ допшылары бірінші орынды иеленді.
Сайыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылардың еңбегі елеусіз қалмады. «Үздік қақпашы» бағамы Нұрперзент Төребекке бұйырды. Ал Серікболсын Ерғалиев «Үздік ойыншы» деп танылып, «Үздік шабуылшы» бағамын Мұқағали Сансызбаев иемденді. Одан бөлек «Үздік қорғаушы» номинациясына Ернар Ибрай лайық деп танылды.
Айта кету керек ақынның інісі Әміржан ­Орымбаев жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Ал еске алу турнирін ұйымдастыруда басы-қасында болған досы Нұрлан Төрехан барша азаматтарға алғысын білдірді.
– Абдулла Сапар ауданға ғана емес, облысқа, республикаға белгілі ақын болды. Айналасындағыларға шуағын шашып, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет таныта білетін арда азамат еді. Көмекке зәру жандарға қолынан келгенін аямай, артынан ерген оқушыларына дұрыс жол көрсетті. Осындай атпал азаматты ұмыт қалдырсақ, біздің азаматтығымызға үлкен сын. Бұл елдегі пандемияға байланысты көптен ұйымдастырылып отырған шара. Сондай-ақ турнирдің мақсаты – жастарды спортқа баулу, алдағы болатын ойындарға дайындау. Турнирді ұйымдастыруға атсалысқан Абдулланың достары мен аға-інілеріне алғысым шексіз, – деді ол.

А. БАҚЫТҰЛЫ
22 қыркүйек 2020 ж. 481 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 26

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 26

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031