Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдердің аяқдоп жарысы

Жасөспірімдердің аяқдоп жарысы

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте жоғарғы сынып оқушылары арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Оған мектепішілік сегіз команда қатысты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыратын сайыстың мақсаты – жасөспірімдерді достық пен ұйымшылдыққа және тәртіпке шақыру, сондай-ақ спорттық шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Аяқдоп бәсекесіне №204 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Азамат Серікұлы мен Ерлан Тұрғанбайұлы төрелік етті. Нәтижесінде шебер ойын үлгісін көрсеткен «Жігер» командасы бірінші орын тұғырынан көрінді. Екінші орынға «Достық» тобының аяқдопшылары жайғасты. Ал «Қайсар» құрамасындағы футболшылар үшінші орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар дүбірлі додада белсенділік танытқан ойыншылар да анықталды. Атап айтқанда, Абылай Тілепбай «Үздік сұр мерген», Мағжан Елубай «Үздік қақпашы», Азамат Сарқытбай «Үздік жас ойыншы», Ринат Рысдәулет «Үздік қорғаушы», Таңатар Махмудов «Үздік ойыншы» бағамдарына лайық деп танылды.

Спорттық шарада мектеп директоры Төребай Шермаханов оқушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, жеңімпаздарға Мақтау қағазы мен сый-сияпат тапсырды.
Азамат БЕКЖАНОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп мұғалімі
04 желтоқсан 2019 ж. 1 415 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды