Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдей бастайды

Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдей бастайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, карантин режимінің жеңілдеуіне коронавирус жұқтырғандар саны мен COVID-19-дан қайтыс болғандардың деңгейі мен төсек-орындардың аптасына 70 пайыз ғана толуы әсер ететінін айтты.  
Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:
- ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;
- Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;
- Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;
- Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары. 
Сондай-ақ:
- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;
- Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда - үш адамнан аспайтын топтарға;
- Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. 
Алайда келесі шараларға тыйым салынады:
- жаппай тойлау шаралары, көңіл көтеру мекемелерінің, кинотеатр, фудкорт, банкет залдарының;
- мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының;
- мәдени нысандар, музей, конференция, көрме, форум ұйымдастыруға тыйым салынады; 
- спорт залдары, фитнес залдары, бассейн, аквапарктардың;
- діни нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.
massaget.kz
29 шілде 2020 ж. 559 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930