Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы жүйеге ауысады

Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы жүйеге ауысады

Қазақстанда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының екінші кезеңіне кірістік. Оны жүзеге асыруға 5,5 трлн теңге бөлу қарастырылған. Биыл бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған, соның ішінде 2600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Темір жолды электрификациялау жалғасады. Сонымен бірге, республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы қызметке ауысып, бұл жолдарды бюджет есебінен күтіп-баптау азаяды. Үнемделген бюджет қаражатын өзге де маңызды маңызды жобаларға бағыттай аламыз», - деді Роман Скляр Үкіметтің онлайн отырысында.
Сонымен бірге, спикер Түркістандағы халықаралық әуежай мен Шымкенттегі жаңа жолаушылар терминалы салынып біткенін, Өскемен, Үржар, Үшаралдағы әуежайларды қайта жөндеу басталғанын еске салды.
«Айтылған жобалар ең алдымен өңірлерде жаңа жұмыс орындарып құруға мүмкіндік береді. Бұл - мемлекеттің басым міндеттерінің бірі», - деді Роман Скляр.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.
syrboyi.kz
22 сәуір 2020 ж. 704 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031