Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктілердің ерекше сыйы

Еріктілердің ерекше сыйы

Қазіргі таңда әлемді жайлаған індет қай мемлекетке де оңайға соғып отырған жоқ. Әр елдің ұлтжанды кәсіпкерлері қолдарынан келген көмектерін беруде. Бұндай азаматтар біздің елде де жетерлік. Оның ішінде Қазалы ауданының жанашыр азаматтары да жерлестеріне қол ұшын созуда.
Елдегі төтенше жағдайға ¬байланысты қасиетті Шағбан айында Қазалы ауданының кәсіпкерлері сауапты істі қолға алды. Әр саланы басқарып отырған басшылар мен кәсіпкерлер және аудандағы жастардан құралған еріктілер Қазалы ауданаралық аурухананың инфекциялық бөліміне шама-шарқынша көмек қолын созды. Бірлесіп көтерген жүк қашанда жеңіл болатындығы әмбеге аян. Олар 29 дана жатын төсегін, 15 дана қорғаныш комбинизонын табыстады. Алдағы уақытта тағы 100 дана қорғаныш киімін жеткізуді жоспарлап отыр. Игілікке толы шараның басы-қасында жүрген жеке кәсіпкер Мархабат Асанова қаржылай қолдап, көмек берген жомарт жандарға алғысын жеткізді.
– Шағын кәсібін дөңгелетіп отырған жастар #Бізбіргеміз деген ұранмен медицина қызметкерлеріне және жағдайы төмен отбасыларға қолдау жасауды ұсынды. Бұл ізгі жақсылықты қабыл алып, аудан кәсіпкерлері мен ел алдында жүрген аға-апаларға жолықтық. Осындай сын сағатта өтінішімізді жерге тастамай, қайырымдылық жасаған жандарға шексіз ризамыз. Алла елімізді осы аурудан сақтасын, халқымыз сау болсын. Берген садақалары қабыл болсын деген ниеттеміз, – дейді жас кәсіпкер.
Сонымен қатар аталған еріктілер тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы 55 отбасыға азық-түлік үлестірді. Оның 35 данасы Әйтеке би кенті бойынша таратылса, 20-сы Қазалы қаласындағы отбасыларына жеткізілді. Бұдан бөлек 500 бетперде тұрғындарға тегін берілді. Еріктілердің айтуынша, игілікті іс әлі де жалғасын таппақ. Қайырымдылық көрсеткісі келетін жандар болса, 87028319131 нөміріне хабарласуына болады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 сәуір 2020 ж. 754 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930