Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл «Әлсейіт» көпірінің құрылысы аяқталады

Биыл «Әлсейіт» көпірінің құрылысы аяқталады

Республикалық және облыстық бюджеттерден Қазалы ауданына 1 млрд. 566 млн. теңге бөлініп, аудандағы жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі. 

Оның айтуынша, 2019 жылға аудандық маңыздағы жолдарды күрделі және орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 1 млрд. 573 млн. теңге берілген.

«Бұдан басқа, елді мекенішілік жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 194,6 млн. теңге, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 89 млн. теңге қаралды. Жол жөндеу жұмыстарымен қатар, көпір құрылыстары да жүріп жатыр. «Әлсейіт» көпірінің құрылысына 2017-2018 жылдарға 1 млрд 565 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жасалды. 2019 жылға көпір құрылысына 1 млрд. 127 млн. теңге қаржы берілді. Биыл ел болып көптен күткен көпірдің игілігін көреміз деп отырмыз. Ал, «Қарлан» учаскесіне көпір салу облыс әкімінің қолдауымен САРАТС-2 жобасына енгізілді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, көпірдің техникалық экономикалық негіздемесі алынды. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, – дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, өткен жылы Қожабақы-Бекарыстан би аралығындағы «Аяған» көпірін жөндеу жұмыстары басталды. Биыл жұмысты жалғастыруға 76 млн. теңге қаржы қаралған.


03 ақпан 2019 ж. 2 496 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031