Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық Ерболат Қожабайұлы "Жыл патриоты" атанды

Қазалылық Ерболат Қожабайұлы "Жыл патриоты" атанды

Қазалылық Ерболат Қожабайұлы Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын өтетін дәстүрлі патриоттар форумында «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды.
Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп қызметтік борышын адал атқарып, өз саласында жемісті еңбектерімен, қол жеткізген жетістіктерімен, Отан алдындағы ерен ерлігімен дараланған азаматтарды құттықтап, дипломдар табыстады.
Айта кетейік, Ерболат Қожабайұлы жиырма бес жастағы Қазалының тумасы. Осыдан тура бір жыл бұрын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолы бойында орын алған жол апаты кезінде өртке оранған көлікке жедел жетіп, адамды ажалдан арашалап қалған.
Қазіргі таңда Қазалы аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында жетекші маман болып еңбек етеді.
Сын сағатта ер азаматқа тән ерліктің үлгісін көрсеткен кейіпкеріміздің есімі биыл жарық көрген Қызылорда облыстық автотранспорт саласына 80 жыл тарихи-танымдық энциклопедиясына енгізіліп, арнайы медальмен марапатталған.
Сонымен қатар, Ерболат «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына қатысуда.
Қазалы Ауданының Әкімдігі

04 желтоқсан 2019 ж. 892 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930