Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін пысықтады

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін пысықтады

Кәсіпкерлер үйінде өткен жиында қызылордалық коалиция өкілдері шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы жұмыстарды пысықтады.
Жалпы өңірде 2018 жыл «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланған. Және ол Елбасы бастамасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Жақында облыс әкімі бастамасымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту 1 жылдан 3 жылға ұзартылған.Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ға көбейіп, аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр,- деді жиынды жүргізіп отырған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Жиында облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов хабарлама жасап,күн тәртібіне сәйкес атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды айтып өтті.
Хабарламадан белгілі болғандай өңірде барлық көздерден 32 млрд. теңге қаржы қарастырылған жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленген. Онда кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында үлгілі бизнес-жоспарлар, нақты алгоритмдер мен әрбір 264 елді мекенге жауапты лауазымды тұлғалар (кураторлар) бекітілген. Жұмыссыздардың, жастардың, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға «Бизнестік жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 200 млн.теңгені құрайтын 224 мемлекеттік грант бөлінген.Облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры мемлекеттік гранттар санын арттыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу бағытындағы жоспарларды атап өтті.
-Қазір «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде де жалпы соммасы 97,4 млн.теңге құрайтын 405 мемлекеттік грант беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Өтеусіз грант есебінен жыл соңына дейін 1005 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Сонымен қатар жалпы жыл соңына дейін шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын азаматтардың санын кемінде 90 мың адамға жеткізу жоспарлануда. Бұл межеге жететін боламыз,-деді Ғалымбек Жақсылықов.
Коалиция отырысында сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысшыларының күн тәртібіне сәйкес атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, коалиция мүшелері тарапынан жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
28 қыркүйек 2018 ж. 1 273 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930