Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті

Полицейлер Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Мемлекеттік Рәміздер аллеясында Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы және Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, ішкі істер органдары ардагерлері  қатысуымен мерекелік шара болып өтті. Алаңда полиция қызметкерлері 8 қорапта сап түзеді.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Туы әкелініп Мемлекеттік Әнұраны ырғағымен ашылды. Одан кейін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тургумбаевтің арнайы құттықтау жеделхаты оқылды.
Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы сөз алып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, «Конституция күні» мерекесінің полиция қызметкерлері үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.
Бұдан кейін, шара барысында Ішкі істер министрлігінің және облыстық полиция департаменті бастығының мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған ішкі істер органдарының 11 қызметкері Ішкі істер министрінің құзырымен, 130 қызметкері департамент бастығының құзырымен марапатталды.
Атап айтқанда, 1 дәрежелі «ҚР ІІМ –дегі Үздік қызметі» төс белгісімен Қызылорда облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Примкулов Ербол Сарсенбекович марапатталды.
Атап айтқанда, қызмет барысында жақсы көрсеткіштер үшін ҚР ІІМ «Құрмет грамотасымен» Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Сайдильдинов Рустам Турарович марапатталды.
Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Қызылорда облысы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Есжанов Манарбек Маратбекұлы марапатталды.
Сонымен қатар, дәстүр бойынша, мемлекеттік мерекені тойлау құрметіне Қызылорда облысы бойынша ПД-ның басшысының бұйрығымен ең құрметті полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, ішкі істер органдарында көпжылғы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ардагерлер «Құрмет грамотасымен» марапатталды, олардың ішінде: Әшірбекулы Казыбек,  Иманбеков Бердыбек, Исенгазиева Разия Шайханқызы, Маханов Еркін Шәкірұлы, Еспенбетов Маратбек Нағымұлы т.б. Барлығы 29 Ішкі істер органдарының ардагері марапатталды.
Ішкі істер органы ардагерлерінің атынан Әлиев Төлеш полицейлерді құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
 Сондай-ақ, осы мереке күні ерлік жасаған 3 қызметкер марапатқа ие болды. Осы жылдың 19 тамызында көппәтерлі үйлердің бірінде 17 адамды өрттен құтқарған Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Жылқайдаров Мақсат Әуезханұлы, полиция капитаны Хасенов Мақсат Серікұлы, полиция лейтенанты Досмағамбетов Бақытжан Серікұлы алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.
Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі
29 тамыз 2019 ж. 1 940 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 78

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 80

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930