Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мешіт ашылды

Жаңа мешіт ашылды

Қасиетті жұма күні Бозкөл елді мекенінде «Туған өлкем, қандай көркем» атты ауыл күніне арналған салтанатты шара өтті.

Орталық саябақта өткен салтанатты шара ауыл өнерпаздарының театрландырылған көрінісімен басталды. Сахнаға шыққан әртістер халық арасында Бала ахун атанып кеткен Тілеумұрат Қошанұлының өмір жолын қысқа ғана көрініспен көрсетті.

Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бірлігі бекем, тірлігі тиянақты бозкөлдіктерді мерекемен құттықтады.

Осы жерде туып, бүгінгі таңда облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары қызметін атқаратын Нұрман Талқанбаев бозкөлдіктердің атынан аудан басшысына алғыс айтып, театрландырылған көріністе басты рөлдерді сомдаған өнерпаздарға сыйлықтар табыс етті.

Ауыл күні аясында Бозкөлде жаңа мешіт пайдалануға берілді. Осы елден шыққан азаматтар мен ауыл тұрғындарының күшімен салынған «Бала ахун» мешітінің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік қажы Сүйлейменов сөз сөйлеп, имандылық үйі адамдар арасындағы ізгілік, адамгершілік қатынастарды одан әрі нығайтады деп сенім білдірді. Ал, Бозкөл ауылының тұрғыны, ұйымдастыру жұмыстарының басында жүрген Күнәжат Қаниев рухани орталықтың тұрғызылуына үлес қосқан барша азаматтарға бозкөлдіктердің атынан алғыс айтты.

Мерекелік бағдарлама аясында ауыл тұрғындары әртүрлі спорттық жарыстарды тамашалады. Мұнда ең мықты жастар қазақша күрес, арқан тартыс және волейболдан өзара күш сынасты. Одан кейінгі бәйге жарысы да ауыл мерекесінің көрігін қыздыра түсті.
Мерекелік шара орталық саябақта аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, отшашумен аяқталды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 тамыз 2019 ж. 1 876 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930