Ордалы жыланның кегі
Бала күнімде әкеммен бірге Арал ауданына қарасты Үкілісай атты елдімекеннің шетінде орналасқан атамның бейітіне қарай жол тарттық. Марқұм әкесінің басына құран бағыштауды құп көрген асқар тауым, қолына салқын су құйылған құтысын алып, ақырын аяңдап келеді. Жолай жусан теріп келе жатқан әкем оның қандай шөп екенін, бала күнінде басынан өткен қызықтарын баяндай бастады. Кенет алдымыздан ұзындығы бір жарым метрдей болатын сұсты сұр жылан ирелеңдей жөнелді. Денем суып, дереу тоқтай қалдым. Біраз жерге ұзап кеткенше әкем екеуміз көзіміздің қиығымен қарап тұрдық. Қайта жүре жөнелгенде: «Мына жыланның ұзындығын-ай, таспен ұрып өлтіргенде ауылдағы достарыма көрсетіп мақтанушы едім» деп сөз бастадым. Сонда әкем: «Жөніне кетіп бара жатқан жорғалаушы зиянын тигізбесе, біздің бас салғанымыз жарамас. Егер ордалы жыланның бірі болып шықса, тіптен жоламағанымыз жөн» деді.
Мен біршама уақыт үнсіз қалғаныммен қайтар жолда ордалы жыланның не екенін білмекке ұмтылдым. Шындығында, егер олардың тобырындағы біреуіне жолығып, қапияда қанын шығаратын болсаңыз, қалғандары сені тауып алып түп тамырыңмен жойып жіберетін көрінеді. Міне, осы бір зиянды жыртқыш туралы сіздермен ой бөліспекпін.
Ілгеріде далада көшіп-қонып жүрген көшпенді бабалар табиғи апаттан, тылсым дүниелерден, алып күшке ие жыртқыштардан сақтанып жүрген. Тіпті өздері қауіптенген, қасірет әкелетін кейбір жаратылыс иелерін атымен атамай, алмастырып отырған екен. Қазақы мәдениеттің көзқарасын білдіретін бұл ұғым «табу» деп аталады. Қасқырды «итқұс», найзағайды «жай» деген бабалар ініне түзу кіретін жыланның өзін «шұбар» деп алмастырған. Ал кей әңгімелерде «түйме» деп те айтып отырған.
Байқасаңыз, жыланды көпшілік киелі тіршілік иесі деп айтып жатады. Түрлі түске бөлінетін олар өте көп. Біз тақырыпқа арқау етіп отырған ордалы жыландар да өз уақытында көптеген жанның жанын алған деседі. Содан кейін оларға жолаудың қажет еместігін түсінген халық жөніне жіберген.
Өткенде әлеуметтік желі сыр сандығынан қалың жыланның қаптап келіп, қара трассадан құжынай көшіп бара жатқан суретін көрген болатынмын. Зерттей келе олар сезгіш келгендіктен ордаларына қауіп төнетінін байқап қалса, бірден орын ауыстыратынына көз жеткіздім. Көшу барысында топтың шеткі жағында қарауыл қызметін атқаратын жыландар тұрады. Олардың міндеті топты сыртқы жаудан қорғау. Ал алдыңғы шептегілер жөн білетін жолкезерлер. Егер жолдан өтіп бара жатса барлығы бірдей арғы бетіне өткенше қарап тұру қажет. Мейлі ол адам, жануар болсын күтуге тура келеді.
Ертеректе жыланды ем-домға пайдаланған екен. Халық емшілері жыланның басын шауып, ішін тазалағаннан кейін оны терісімен бірге қазанға қайнатып, сорпасын сырқаттанғандарға ішкізген. Ол сорпа қан айналымын қалыпқа келтіріп, денеде түйіршіктелген қою қанды сұйылтады. Сонымен қатар ішкі ағзаны толығымен тазартып, тіпті алғашқы кезеңдегі рак ауруынан айықтырады. Мұнан бөлек оның уы да түрлі мақсатта қолданылып келгенін ұмытпау қажет. Бұрындары мұның көмегімен таққа таласқан билік басындағылар өзара жауласқанда бір-бірін осы жыланның уымен мерт қылған.
Жылан жайында ертеден бүгінге дейін ауыздан ауызға тарап жеткен түрлі аңыз-әңгімелер мен әпсаналар жеткілікті. Соның бірі – Жанкенттегі жантүршігерлік оқиға. Бұл аңызды білмейтін жан баласы жоқ шығар. Орта ғасырда оғыздардың астанасы болып, уақыт өте тұтас қаланың бір күнде қирағанын елестетудің өзі сұмдық.
Бұл тіршілік иесі бауырымен жорғалаушылар санатына кіретіні белгілі. Оның үстіне бұлар өте кекшіл келеді. Сондықтан ордалы жыланды қазақ ешқашан өлтірмеген. Кенет үйге кіре қалса басына ақ құйып кейін қайтарып жіберген. «Далада жылан көрсе өлтіреді, үйде жылан көрсе жақсы көреді» деген пиғылдың дәлелі осы болар.
Ақ тағам жақсы пиғылдың, ниеттің түзу екенін білдіретіндіктен жыланның алдына айран құйған. Сол уақытта жылан да оған кек сақтамай, зұлымдық ойдан арылып, жақсылыққа ешбір қарсы әрекет жасамайтын болған.
Ертеректе бір жас жігіт ордалы жыланды байқаусызда өлтіріп қойып, күтпеген шытырман оқиғаға кез болса керек. Артынша жыланды жапан далада өлтірген жігіт бұл ісін көзі қарақты әулие шалға айтып барған көрінеді. Әңгіменің мән-жайына қанық болған қарт, жігітке: «Бұл аймақтан көшіп кет, әйтпесе сол жыланның кесірі тиіп, жер басып көп жүрмейсің», – деп ақылын айтады. Ерігіп жүрген жыланның өлмегін ермек қылған жас бала сау басына осылай сақина тілепті. Сол бойда ақсақалдың ақылын естіп абдырап қалып, оның айтқанын құп көрген бала бір күн аялдамастан ауылдан көше жөнеледі. Арада бірнеше жыл өтті. Әлгі жігіт дін аман, бастан бәлекет кетті деп түйеді. Осылайша түздің шаруасын реттеп, жолдастарымен шүйіркелескен жігіт аяқ киімін кимек болып қамданғанда жанындағы жасы үлкен жолдасы оны тоқтатады. Қолына таяқ алып етіктің ішінен ирелеңдеген қара жыланды суырып алып шыққаны сол-ақ екен етіктің иесіне атыла кетеді. Ал екінші етігін жыланға қарай тоса қалады. Етіктің қонышына у шашырап, шағып үлгерген жылан бірден өз жолын тауып, кейін шегініп жоқ болады. Сонда жолдасы «Ордалы жыланды өлтірген екенсің, оның ағаттық болыпты. Бірақ енді қорықпа. Мына жылан сенен кек алу үшін келді. Ауызынан уы шықты, мақсаты орындалды. Саған енді қайтіп келмейді» деп кеудесінен қаққан екен. Алайда жас жігіт сол мезетте бірнәрсені түсінбей дал болып тұрды. «Мен өлтірген жылан бұл ауылдан мың шақырымдай қашықтықта қалған еді ғой. Бұл мұнда қалай келді?» деген ойға шомды. Бірақ ойлана келе сұрақтың жауабын тапты. Төрт күн түнеп бұл өңірге бұрынғы ауылынан қойшылар келген еді. Сол көп қойдың мүйізіне оралып, өзіне бұйырылған бұйрықты орындауға келген жанкешті екен.
Енді оның қандай кекшіл екенін байқаған боларсыз. Арада көп уақыт өтсе де, бір адамның ізінен қалмай, ақырында тауып алатын олардың ордасына жоламаған абзал. Мейлінше жолай кезіккен жыланның да құйрығын баспай, оған зиян тигізбегеніміз жөн. Сонау бала күнімде әкемнің сол бір сұр жыланды қорғағаны ордалы жыландардың қандай екенін білуге итермеледі.

А.БАҚЫТҰЛЫ