Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаз жерлестер мерейі

Жеңімпаз жерлестер мерейі

Сәрсенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Шымкентте өткен әйелдер боксынан Қазақстанның V жазғы спартакиадасының жеңімпазы Ақерке Бақытжан мен қола медаль иегері Аида Оңдаш және Қостанайдағы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің чемпиондары Алтынай Тәңірберген, Таисия Алексееваны қабылдап, спорт­шыларды жеңісімен құттықтады.

– Ел біріншілігінде топ жарып, туған жердің намысын биікке көтерген жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Мұндай жоғары жетістік өзінен-өзі келмейтіні белгілі. Ол үшін жаттығу залында аянбай тер төгіп, бапкердің берген тапсырмасын жүз проценттен асырып орындау қажет. Сонда ғана жеңіс те, жетістік те келе бастайды. Оған сіздер анық мысал бола аласыздар. Сіздер алған бұл асу өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болады, – деген Мұрат Нәлхожаұлы ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылған қыруар жұмыстарға тоқталып өтті.
Мұнан соң аудан басшысы бокс­шы­­лар мен ауыр атлетшілерді және Қазақ­с­тан Республикасының еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Бақытбек Құлбаев пен Әзиз Жақ­сылықты, №17 олимпиадалық резервтің ма­ман­дандырылған балалар-жасөспірімдер мек­­­­те­­бі­нің директоры Қуанған Бәкеновті Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлық табыстады. Өз кезегінде Қуанған Бәкенов пен Бақытбек Құлбаев жеңіске жеткен жерлестерді қабылдап, құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтты. Шәкірттерінің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізетініне сенім білдірді.
Жеңісбек СОВЕТҰЛЫ
25 мамыр 2019 ж. 1 288 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 44

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 40

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031