Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин спортқа оралды

Илья Ильин спортқа оралды

Ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралады. Ол ҚР Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР Жеке командалық чемпионатына қатысады деп күтілуде, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарысқа белгілі спортшылар – Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады. Олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқалар бар.
Сондай-ақ допингке байланысты жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да жарыс алаңына шығады.
– Аталған турнир осы жылдың ауыр атлетикадағы басты жарысы – Ашхабадта жалауы желбірейтін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі болмақ. Талдықорған тақтайтұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі тегіс шығады. Әрине, олардың әрқайсысы әлем чемпионатына баруды көздейді. Сондықтан спортшыларымыз өз бабының қандай екенін қарашада тексеретін болады. Талдықорғанда рекордтар көп бола қоймас деп ойлаймын, себебі Ашхабадқа дейін әлі үш жаттығу жиындары бар. Зілтеміршілеріміз сол жиындарда өз баптарына келуі тиіс. Алайда Жетісу жеріндегі чемпионат қызықты өтеріне күмәнім жоқ, – дейді ҚР ҰҚК бас бапкері Юрий Мельников.
Айта кетейік, Qazsport телеарнасы жарыстан тікелей трансляция жүргізуді жүзеге асырады.
26 тамыз 2018 ж. 1 206 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031