Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үстел теннисінің үздігі

Үстел теннисінің үздігі

Үстел теннисі – белгілі ғи­марат ішінде, арнайы ойын үстелінде ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жер­ге асырса немесе сіздің ала­ңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз. Айта кетерлігі, үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартып, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады екен. Сон­дай-ақ, ойлау шапшаңдығы мен рефлекстерді дамытады. Буындарға да аса пайдалы. Мидың саулығын сақтайды.
Осындай адам денсау­лығына орасан зор пайда келтіретін спорт түрін жанына серік еткендердің қатарында Басықара ауылындағы №182 мектептің 7 сынып оқушы­сы Айдос Дөңесұлы да бар. Болашағынан зор үміт күтті­ретін Айдос дарынды спортшы. Оның үстел теннисіне алғаш болып баулыған анасы Мирамкүл Бақдаулетқызы. Ол ұлына 1 сыныптан бастап теннис ойынының қыр-сырын үйретіп, ептілікке, шапшаңдыққа шың­да­ды. Қазір Айдос үстел теннисінен аудандық, облыс­тық жарыстардың бірне­ше рет жеңімпазы атанды. Айдос­тың анасы Мирамкүл бала­сының бойыннан спортқа де­ген қызығушылықты байқа­ған сәттен-ақ, бірден үстел теннисін үйретуді жөн көргенін айтады. «Айдос алғыр ба­ла. Алға қойған мақсатқа же­ту үшін барын салады. Әр жарысқа барарда өзіне артыл­ған жауапкершілік жүгін жақ­сы сезінеді. Бүгінге дейін бір­неше рет жүлдегер атанды. Бірақ, ізденуден, үйренуден, жаттығудан жалыққан емес. Ұлымның сабағы мен спортта да қатарластарына үлгі көрсетіп жүргені мен үшін қуаныш», – дейді анасы.
Басықара ауылындағы №182 мек­тептің дене шынық­тыру пәнінің мұғалімі Мұхтар Сәлмен­нен Айдос туралы сұра­ғанымызда: «Үстел теннисі жыл­дамдық пен қырағылықты қажет ететін спорт түрі. Еппен қозғалып, қарсыласын қапы қалдырудың сырын Айдос жақсы біледі. Ол жақында өткен аудандық жарыста бар­лық бәсекелесін ұтып, ақтық сайыста №226 мектеп-гим­назияның бірінші ракеткасы 11 сынып оқушысы Нұрислам есімді мықты спортшыны 2/0 есебімен ұтып, ауданның №1 ракеткасы атанды. Оның есімі қазірден аудан, облыс көлеміне танымал. Жалпы біздің мектепте үстел теннисін жетік меңгерген оқушыларымыз көп. Ауыл жастары да салауатты өмір салтын ұстану жолында спорттың түр-түрімен айналысады», – деді.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
19 тамыз 2018 ж. 1 662 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930