Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Данияр Елеусінов Лондонда өзінің кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін мажарлық Золтан Шабомен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мажарстан спортшысы осыған дейін кәсіпқой рингте барлығы 36 кездесу өткізіп, соның 24-інде жеңіске жетіп, 11-інде ұтылып қалған еді. Ал Д.Елеусінов Нью-Йоркте биылғы 28 сәуірде өткен алғашқы ұрысында америкалық Ноа Кидті нокаутқа жіберген болатын. Даниярдың кәсіпқой бокстағы мүддесін белгілі британдық промоутер және Matchroom компаниясының иесі Эдди Хирн қорғайтыны белгілі. Алты раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдылығымен өтіп, төрешілердің шешімімен жеңіс Даниярға берілді. Еске сала кетейік, Д.Елеусінов негізі мажарлық Габор Горбичпен кездесуі тиіс болатын. Алайда 30 жасар боксшы спарринг-бәсекеде жарақат алып қалып, орнына З.Шабо шыққан еді.
inform.kz

07 маусым 2018 ж. 1 233 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 83

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 83

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930