Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшылар бақ сынасуда

Боксшылар бақ сынасуда

Қазалыда балалар жылы аясында даңқты қолбасшы Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлының жүлдесі үшін бокстан аудандық ашық турнир басталды.
Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне Қызылорда қаласы мен аудандарынан, Түркістан облысы және Өзбекстан Республикасынан келген командалар бақ сынап жатыр.
Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев дүбірлі додаға арнайы барып, турнирдің ашылу салтанатына қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлесе, ауыл ақсақалдарының атынан Сайын Дәуітов жарысқа қатысушы жас боксшыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң шаршы алаңға боксшылар көтеріліп, турнирдің көрігін қыздырды.
Айта кетейік, Қ:Пірімов ауылында өтіп жатқан бокстан аудандық ашық турнир маусым айының бесіне дейін жалғасады. Турнирде жеңіске жеткен былғары қолғап шеберлері бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 маусым 2022 ж. 1 956 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 127

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 83

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 41

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031