Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Онға толған ойын

Онға толған ойын

Еліміздің әр өңірінде тұратын қазалылықтар жыл сайын әр қалада бас қосып, спорттың бірнеше түрінен жолдастық кездесулер ұйымдастырып тұрады. Әрине, олардың негізгісі әлемдегі №1 спорт түрі саналатын футбол ойыны.
Осыдан 10 жыл бұрын жерлесіміз Бау­ыржан Ахантайдың ұйымдастыруымен өз бастауын алған бұл шара биыл да жалғасын тапты. Бұған дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда қалаларында болған тартыс­ты ойындар осы жылы қасиетті Қазалы жерінде өтті.
Әйтеке би кентіндегі “Жалаңтөс баһадүр” атындағы орталық стадиондағы футбол жарысына Астана, Алматы, Тараз, Ақтау, Қызылорда қалалары мен Мәскеуден келген ойыншылар қатысты. Олардың қатарында Әкімжан Әбішев, Серік Тоқтаболатов, Абай Дүйсенбиев, Балабек Сыздықов, Қайрат Жұмағұлов, Нұрлан Қозыбаев, Алмас Лепесов, Бауыржан Ахантай, Алмас Жұмабеков, Асылбек Жұмағұлов, Ислам Бекішев, Жаңабек Бейбітов, Берік Серікбаев, Серік Тұяқбаев, Байтақ Тұрсынбаев, Қайрат Асанбаев, Сағынай Қызылбаев, Бақберген Жақсылықов, Жалғас Есекеев, Әміржан Әбішев секілді азаматтар бар.
Аяқдоп аламанына қатысуға келген командаларға сәттілік тілеген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мұндай шараның әрқашан маңызы жоғары екеніне тоқталды. Кез келген адамның қолынан келе бермейтін қиын істі қолға алған азаматтарға алғыс айтып, оларға естелік сыйлықтарды табыстады. Өз кезегінде сөз алған Астанадан арнайы келген грек-рим күресінен елімізге еңбегі сіңген спорт шебері Жаңабек Бейбітов аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, Мұрат Нәлхожаұлы мен ардагер спортшы Толыбай Жүсіповке сый-сияпаттарын тарту етті. Сондай-ақ, туған жерден түлеп ұшқан азаматтар №216, №234 мектептердің оқушыларына футбол формаларын сыйға берді.
Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша “Астана” командасы жеңімпаз атанса, “Қазалы-1” командасы екінші орынға қол жеткізді. Ал, “Қазалы-2” командасы қола медальді қанағат тұтты.
Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
06 мамыр 2018 ж. 2 005 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930